Олжас Бектенов әкімдіктерге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды тапсырды: мектептер, ауруханалар және су жүргізу

Олжас Бектенов әкімдіктерге ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды тапсырды: мектептер, ауруханалар және су жүргізу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық жерлерді дамытудың ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. Вице-премьердің айтуынша, бүгінде елімізде 6 256 ауылдық елді мекен бар, оларда 7,6 млн азамат немесе республикадағы халық санының 38,4%-ы тұрады.

2019-2023 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1,8 мың ауылдық елді мекенде 524 млрд теңге сомасына 5,4 мың жоба іске асырылды. Сондай-ақ 85 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды, 10,5 млрд теңгеге 1,8 мың медициналық техника сатып алынды, 120 өрт сөндіру бекеті құрылды. Интернетке Wi-Fi HotSpot технологиясы бойынша 176 ауыл қосылған.

Мамандарды тарту үшін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында бюджеттік несие мөлшері 1,5 мыңнан 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Өңірлердегі ауылдық жерлерді дамыту туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазин, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

Үкімет басшысы әр ауыл тұрғыны тұрмыстық ахуалдың жақсарғанын қалайтынын айтты. Премьер-Министр Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, әкімдіктерге ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойды. Объектілер мен қызметтердің нақты тізбесі осы Жүйеде қамтылған. Тізбеде жазылған игіліктердің барлығы әрбір елді мекенде болуға тиіс.

«Ол үшін біз қала мен ауылдың тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты біртіндеп қысқартып келеміз. Мұндағы негізгі фактор – қолжетімді қызметтер, яғни сапалы жол, медицина мен білім беру сияқты ауыл халқының жайлы тұрмысына қажетті игіліктердің болуы. Мектептер мен медициналық мекемелер – ауылдағы ең маңызды объектілер. Оларға айрықша назар қажет», — деді Олжас Бектенов. 

Оған қоса Премьер-Министр стандарттар жүйесін басқа бағдарламалық құжаттармен, соның ішінде ұлттық жобалармен өзара үйлестіруді тапсырды.

Мектептердің апатты жағдайда болуынан, денсаулық сақтау мекемелерінің жарамсыздығынан кейбір ауылдар тұрғындары медициналық қызмет және білім алу үшін басқа елді мекендерге баруға мәжбүр болып отыр.

«Ауылдарда ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және Интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі. Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады. Сондықтан әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту керек», — деді Олжас Бектенов. 

Осы міндеттерді кезең-кезеңмен шешу үшін Үкімнт салықтардың және бюджетке түсетін төлемдердің кейбір түрлерін ауылдық округтердің бюджетіне беруді жалғастырады.

Сонымен қатар Олжас Бектенов маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бизнес субъектілерін тартудың маңыздылығын атап өтті. Бірқатар өңірде жақсы мысалдар бар. Мәселен, былтыр Түркістан облысының Шұбарсу ауылынан шыққан кәсіпкер сол елді мекенге үлкен мектеп салып берді. Ақмола облысының Қараөткел ауылында жеке қаражатқа балабақша салынды.

«Кәсіпкерлер тұрғын үй құрылысына, жолдарды жөндеуге, көшелерді абаттандыруға, қоғамдық демалыс орындарын салуға қолдау көрсетуде. Елімізде мұндай жақсы мысалдар жеткілікті. Әкімдіктер ауыл тұрмысын жақсарту ісіне бизнесті де белсенді жұмылдыруға тиіс», — деді Премьер-Министр. 

Үкімет басшысы ауылдардағы кадр мәселесіне ерекше назар аударды. Әкімдіктер ауылдық жерлерде кадр тапшылығы мәселесін шешуі қажет. Келген мамандарға, әсіресе жастарға, соның ішінде «Дипломмен ауылға» жобасы аясында көрсету керек. 

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының іс-шараларын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді:

  • жобалардың басымдығын және ауыл тұрғындарының барлығына бірдей игіліктер мен қызметтердің қолжетімді болуын назарда ұстай отырып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту;

  • ауылдағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру үшін ауылдық округтер әкімдіктерінің кіріс базасын кеңейту мәселесін пысықтау;

  • ауылда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша әкімдіктердің жұмысын бағалау үшін нақты индикаторларды айқындау керек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.