Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды.

– Сіз бастап келген ЕҚЫҰ делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты  нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министерлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл – алаңдатарлық жайт. Біз ұйым аясындағы байланыстарды нығайту қажет екеніне бұрынғыдай кәміл сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі. Президент еліміздің ЕҚЫҰ-мен арадағы өзара тиімді серіктестік және ашықтық рухындағы тығыз қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға және осы ұйымның Бас хатшысы Хельга Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін  мәлімдеді.

Өз кезегінде Бас хатшы Хельга Шмид Астана халықаралық форумына қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.  

– Дұрыс айтасыз. Қазір күрделі кезең деп ойлаймын. Қиындықтарға қарамастан, ЕҚЫҰ бірегей диалог алаңы ретінде қызметін жалғастыра береді. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы белсенді рөлін оң бағалаймын. Сіз Астана саммиті туралы айтып өттіңіз. Мен ол жиынға қатыстым. Дұрыс айтасыз, бұл соңғы саммит болды. Астана декларациясы, шын мәнінде, ұйымның қызметін реттейтін маңызды құжаттардың бірі.  Мен Астана форумында сөйлейтін сөзіңізді асыға күтемін. Қазір мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды деп ойлаймын. ЕҚЫҰ-ның негізі міндеті де – осы, – деді ЕҚЫҰ Бас хатшысы.

Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оның даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ekyu-bas-hatshysy-helga-shmidpen-kezdesti-754033

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.