Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен есірткі құралдарының заңсыз айналымы, сондай-ақ азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына құқық қорғау және арнаулы органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі адамдар қатысты.

Бірінші мәселе бойынша отырысты ашқан қадағалау ведомствосының басшысы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында бірқатар заңнамалық және практикалық шаралар қабылданғанын атап өтті. Жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.

2020 жылдан бастап есірткіні интернет арқылы тұтынуға және өткізуге көндіру қылмыстардың ауыр және аса ауыр құрамына жатқызылды. Есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Осы бірлескен шаралардың барлығы есірткі қылмыстылығын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

«ІІМ мен ҰҚК ағымдағы жылдың өзінде 64 есірткі зертханасын жойды. Шамамен 13 тонна есірткі, оның ішінде 33 кг героин және 500 кг синтетика тәркіленді. Тек осы жылы есірткі сататын 1400 сайт бұғатталды. Алайда алда әлі көп жұмыс күтіп тұр, жағдай әлі де күрделі», - деді Берік Асылов.

Осыған байланысты қылмыстық қудалау органдарының басшыларына, облыс прокурорларына ұйымдасқан топтарды, контрабанданы, есірткі зертханаларын, есірткі заттарын жеткізу және өткізу арналарын анықтауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Өз кезегінде ІІМ Есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды сапалы пысықтауды және бекітуді қамтамасыз етуі қажет.

Екінші мәселеде азаптауларға және тергеу мен анықтаудың басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы тұрудың тиімділігі талқыланды.

Бас Прокурор Президенттің азаптауларды жою бойынша нақты міндет қойғанына назар аударды. Бұл үшін олардың алдын алу бойынша қажетті құқықтық шаралар қабылданды.

Қылмыстық заңнамада азаптаулар туралы жеке бап көзделген және жаза күшейтілген.

Жаңа жылдан бастап азаптауларды тек прокурорлар тексеретін болады.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың арыз беруі үшін терминалдар орнату жалғасуда. Колонияларда, тергеу изоляторларында және қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылау енгізіледі.

Осы және басқа да шараларды халықаралық сарапшылар, оның ішінде БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің өкілдері оң бағалады.

Қазіргі уақытта азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрықтың жобасы әзірленді, оның негізгі міндеті азаматты ұстау және қылмыстық қудалау органдарына жеткізу сәтінен бастап рұқсат етілмеген әдістердің алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ процестік мәртебесі жоқ адаммен келіссөздер, әңгімелер, сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады. Азаптауларды қолдану шарттарын жоюға мүмкіндік беретін басқа да шаралар көзделген.

Берік Асылов азаптаулардың жүйелі проблемаларына, себептері мен шарттарына, сондай-ақ оларды барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жою қажеттігіне назар аударды.

ІІМ-ге өз еркімен ұстауға негіз болатын ішкі нормативтік актілерге ревизия жүргізу және оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру тапсырылды.

Сонымен қатар, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабын мүлтіксіз орындау қажеттігі атап өтілді, оған сәйкес қызметкерлері азаптауға немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын жүйелі түрде бұзған басшылар қызметінен босатылуға жатады.

Қорытындылай келе, қадағалау органының басшысы облыс прокурорларынан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңадан құрылған өңірлік өкілдерімен, құқық қорғау ұйымдарымен және заң қоғамдастығымен өзара іс-қимыл орнатуды талап етті. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.