Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының СІМК-не қатысты
Ыстанбұл, 2022 жылғы 17 қазан - Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.
СІМ басшысы өз сөзінде ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және шоғырландырушы рөлін атап өтті. Министр ү.ж. 12-13 қазанда Астана қаласында өткен АӨСШК мерейтойлық саммитіне қатысқаны үшін ТМҰ өкілдеріне алғысын білдірді.
Отырыс барысында қатысушылар ү.ж қарашада Өзбекстанда өтетін ТМҰ мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобалары бекітілді.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/442490?lang=kk
[xfvalue_img]
13 пікір