ҚР СІМ-де Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу өтті
Сыртқы саяси ведомствода Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері ҚР СІМ басшылығымен кездесті.
Іс-шара Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді диалог пен пікір алмасу форматында өтті.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кездесуге қатысушыларды Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарымен таныстырды. Ведомствоның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларын іске асырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Сыртқы саяси басымдықтар, инвестициялық және кадр саясаты, шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс және т.б. сұрақтар бойынша жан-жақты әңгіме болды.
Жас мамандар еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстар мен идеяларды айтты.
Жалпы кездесуден кейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары резервшілермен жеке сұхбат өткізді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/353535?lang=kk
[xfvalue_img]
7 пікір