Сенатта БҰҰДБ-ның Адам дамуы туралы баяндамасы таныстырылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері дөңгелек үстел өткізіп, онда Қазақстандағы адам дамуының ілгерілету мәселелерін талқылады.
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина шараны аша келіп, Қазақстанның дамуындағы үш онжылдық ішінде Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізудегі еліміздің мүмкіндіктері аясында баяндамада қалыптасуға берілген баға қамтылғанын атап өтті.
«Тұрақты болашақтың қажетті шарты ретінде білімді қолдану арқылы Қазақстанның экономикасы мен адами әлеуетін дамыту арасындағы өзара байланысқа ерекше назар аударылып отыр», - деді Сенат Төрағасының орынбасары.
БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш Қазақстан дамудың маңызды нәтижелеріне қол жеткізгенін, атап айтқанда, негізгі нарықтық реформалар жүзеге асқанын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі жетілдіргенін атап өтті. Ол сондай-ақ әріптестік қарым-қатынастарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, осы жолда Қазақстан елі мен халқын қолдауға БҰҰДБ-ның әзір екенін растады.
Шара аясында Еуропа және ТМД елдеріндегі БҰҰ Даму бағдарламасы Аймақтық бюросының бас экономисі Бен Слей адам дамуының негізгі құрамдас бөліктері, оның ішінде денсаулық, білім беру және лайықты өмір сүру жағдайы жөніндегі Қазақстанның ілгерілеуіне шолу жасады.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова баяндама жасады. Шара Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналып отыр.
Сенаттың Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]