«C5+1» министрлік кездесуі туралы

«C5+1» министрлік кездесуі туралы

 БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы шеңберінде Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың қатысуымен «С5+1» министрлік кездесуі өтті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Ауғанстандағы дағдарысты жағдайды шешуде, өңір мемлекеттерінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерін біріктірудегі, экономикалық өзара байланыстылық саласындағы мүмкіндіктерді іске асырудағы және климаттық дағдарысқа қарсы күрестегі зор әлеуетін атап өтіп, «С5+1» өңірлік дипломатиялық платформасының маңыздылығын растады. Елден кеткісі келетін шетелдік азаматтар мен ауғандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Ауғанстанның инклюзивті үкіметін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы «С5+1» өзін өңірлік қауіпсіздікті талқылаудың, Орталық Азия өңірі ішіндегі және АҚШ-та өзара тиімді байланыстарды арттырудың тұрақты алаңы ретінде танытты» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Қазақстанның «С5+1» елдерінің табиғат қорғау ведомстволары басшыларының кездесуін шақыру жөніндегі бастамасының дер кезінде ұйымдастырылғанын, олардың практикалық қорытындылары экономикалық өсудің қозғаушы күші бола алатынын атап өтіп, өңірлік энергетикалық байланыстар мен энергия тиімділігі жақсарған мүмкіндіктерді атап өтті.

«С5+1» кездесуі Орталық Азиядағы жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді, экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі бірлескен шараларды, сондай-ақ өңірлік тәсілді талап ететін сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, М.Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша кеңсесінің Аға директоры Эрик Гринмен кездесті.

Келіссөздер барысында екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер, соның ішінде аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстар, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай және ауғанаралық диалогты ілгерілету және т.б. мәселелер талқыланды.

«Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында Қазақстан алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша америкалық тараппен бірлесіп күш-жігер жұмсайтынын атап өткім келеді», - деді М.Тілеуберді.

Ақ үй өкілдері «USAID» пен «KazAID» арасындағы, оның ішінде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның COVID-19-бен күрестегі және короновирусқа қарсы өз вакцинасын жасаудағы күш-жігері жоғары бағаланды.

Сол күні ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Тілеуберді Молдова Сыртқы істер министрі Николай Попеску, Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Гамини Лакшман Пейрис, БАӘ Индустрия және жаңа технологиялар министрі және Климат жөніндегі арнайы өкілі Султан Ахмед Әл-Джабер, Румынияның Сыртқы істер министрі Богдан Ауреску және Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф Әл-Заянимен екіжақты келіссөздер өткізді.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.