М.ӘЗІЛХАНОВ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ М.А. ХАЙРИДДИНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

М.ӘЗІЛХАНОВ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ М.А. ХАЙРИДДИНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов Өзбекстан Премьер-Министрінің Кеңесшісі М.А. Хайриддиновпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, жыл сайын шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша мемлекет, үкімет және ведомство басшылары деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіледі.

М.Әзілхановтың айтуынша, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары бүгінгі таңда сапалы, жоғары деңгейге көтерілді. Ол екіжақты стратегиялық өзара іс-қимылдың маңызды аспектілерінің бірі ҚР Парламенті мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі арасында тұрақты диалог орнату, сондай-ақ екі елдің парламенттік фракциялары арасында тығыз байланыстар орнату болып табылатынын атап өтті.

 «Ассамблея 9 депутатты елдің жоғары заң шығарушы органына жібереді, олар Ассамблея сессиясымен сайланады. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінде барлық партиялардан 30 депутаттан тұратын ҚХА депутаттық тобы жұмыс істейді. Біз парламентаралық желі бойынша да ынтымақтасуға дайынбыз, онда тоғыз депутат Қазақстанның көпұлтты халқының мүддесін білдіреді»-деді ҚР ҚХА Төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ал 2019 жылы Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесі Әбу Райхан Бирунидің Шығыстану институтымен Қазақстан тарихының жаңа көздерін іздеу бойынша үлкен жұмыс атқарды. 

Анықтамалық:

1992 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылы екі мемлекеттің елшіліктері өзара ашылды. 

  • Қазақстанда 600-ден астам өзбек тұрады.
  • Өзбекстанда 1 млн.-нан астам этникалық қазақ тұрады.

Олардың әрқайсысы екі бауырлас халық арасындағы достықтың "тірі көпірі" болып табылады 

Қазақстан халқы ассамблеясының Баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.