Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды

Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) қатысушы елдер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Солтүстік Македонияның астанасында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 30-шы отырысына қатысу үшін жиналды.

Іс-шара барысында қатысушы мемлекеттер 2023 жылы Солтүстік Македонияның төрағалығы аясында ұйымның жұмыс қорытындыларымен танысты, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ күрделі геосаяси жағдай аясында ұйымда қалыптасқан институционалдық дағдарысты еңсеру жолдарын талқылады.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде ЕҚЫҰ-ны еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістіктегі жалғыз жан-жақты қауіпсіздік ұйымы және кең саяси диалог үшін бірегей платформа ретінде сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан Ұйымды нығайтуға өз үлесін қосуға және оның алдында тұрған сын-қатерлерді еңсеруге жәрдемдесуге дайын», - деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Қазақстан СІМ басшысы сондай-ақ 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясының қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына назар аударды.

Министр ұйымның барлық үш өлшеміне қатысты мәселелер бойынша еліміздің ұстанымы мен көзқарасын баяндап, инклюзивті диалогты жалғастыру және шиеленіскен жағдайлардың алдын алу бойынша үйлестірілген іс-қимылдарды қабылдау қажеттігіне назар аударды.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемінде Министр Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, Орталық Азия өңірінде тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті және Ұйымға қатысушы елдерді осы мемлекеттегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін барлық күш-жігерді қолдауға шақырды. Осы тұрғыда Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы қазақстандық бастама аталып өтті.

Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшеміндегі басымдық ретінде Азия мен Еуропаны біріктіретін өзара байланыс пен трансконтиненталдық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы белгіленді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты Шығыс пен Батыс арасындағы өзара тиімді сауда және инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтыны аталып өтті.

Климаттың өзгеруіне байланысты Орталық Азияның алдында тұрған күрделі сын-қатерлерге назар аудара отырып, Қазақстан СІМ басшысы делегаттарды 2026 жылы Қазақстанда өтетін БҰҰ Өңірлік Климаттық саммитіне қатысуға шақырды.

Министр гуманитарлық өлшемге қатысты әріптестерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Қазақстандағы ауқымды саяси өзгерістер туралы хабардар етті. Бұл еліміздің дамуының әділдікке, инклюзивтілікке және прагматизмге негізделген жаңа кезеңін ашуға, сондай-ақ өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, СІМК алаңында М.Нұртілеу Албания, Армения, Аустрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Финляндия, Швеция және басқа да елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид, ЕҚЫҰ Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Әбдірахманов пен Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюро директоры (ДИАҚБ) Маттео Мекачимен кездесті. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның Іс-басындағы және болашақ төрағалары – Солтүстік Македония мен Мальта Сыртқы істер министрлері Буяр Османи және Ян Боргпен келіссөздер өтті (СІМК шешіміне сәйкес, Мальта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді).

Кездесулер барысында аталған елдермен және ұйымдармен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты күн тәртібі мен көпжақты өзара іс-қимылдың басым мәселелері талқыланды.

1992 жылдан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет. 2010 жылы біздің еліміз Астана декларациясының қабылдануымен аяқталған саммитті өткізе отырып, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

168 пікір

  1. аватар
    Nell 31 октября 2026 02:31

    Bonus play is one of the biggest causes of payout delays.
    Sometimes, but only when your account is verified, no
    bonus rules are active, and the payment method supports quick
    payouts. The payment method still matters, but the main difference is the casino approving your withdrawal
    without long pending delays. A fast payout casino processes withdrawals quicker than regular casinos, usually within 24 hours.
    Heavy wagering, short expiry windows, low max bets, and bonus-wallet rules can all delay withdrawals.


    References: https://community.openedr.com/

  2. аватар
    Vera 31 октября 2026 04:13

    Sie finden eine Liste der besten Sofortüberweisung Online Casinos weiter oben auf dieser Seite.
    Ich werde Ihnen später im Artikel einige Alternativen vorstellen, sodass
    Sie auf große Gewinne bestens vorbereitet sind.
    Auf unserer Seite empfehlen wir nur Online Spielotheken, die ausschließlich Automatenspiele (Slots) anbieten.
    Im Vergleich zu Kreditkarten ist Trustly oft sicherer, da keine
    Kartendaten gespeichert werden, und Auszahlungen sind deutlich schneller (24-48h statt 3-5
    Tage). Bei der Zahlungsabwicklung sehen Sie eine vollständige Liste aller verfügbaren Banken – wenn Ihre Bank Online-Banking anbietet,
    wird sie höchstwahrscheinlich unterstützt.



    References: https://enginecontrolroom.com

  3. аватар
    Lucille 1 ноября 2026 02:19

    Our guide to offshore online casinos goes deeper on each licence.

    Still, a licence number you can verify on the regulator’s site is far
    better than an unverifiable badge. KYC only passes if your account details match your ID and
    payment method exactly. Our guide to wagering requirements walks
    through more worked examples.

    References: discuss.xsanisty.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.