Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «AntikorNews» ерекше медиа-жобасына Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы қызығушылық танытты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «AntikorNews» ерекше медиа-жобасына Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы қызығушылық танытты

А.ж. 21 қаңтарда өткен «AntikorNews» онлайн брифингі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас Агенттіктің 2020 жылы сәуір айынан бастап эксклюзивті контенті бар «AntikorNews» атты ерекше медиа-жобасын іске қосқанын мәлімдеді.

«AntikorNews» Агенттіктің БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының маңызды құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз онлайн көрсетілімін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Антикор қызметінің нәтижелері мен басымдықтары туралы жедел хабарлайды.

П.Сәдуақастың сөзінше, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «AntikorNews» жаңалықтары алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға, Агенттіктің қоғамдық алаңдағы жұмысына қатысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды (мысалы, «Адалдық алаңы», Арнайы мониторинг тобы, Республикалық ақпараттық-ағарту штабы, «Сапалы жол», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «Адал көмек», «Саналы ұрпақ» және т.б.).

Ол апта сайын Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланып, барлық өңірлік телеарналардан көрсетіледі.

2020 жылы Орталық аппарат Сыбайлас жемқорлықтың қызметіне туралы «AntikorNews»-тің 40 шығарылымын, аумақтық департаменттер 650 шығарылымын әзірледі.

Спикер бұл жобаның азғана уақыт аралығында нәтиже беріп, сұранысқа ие болғанын, оның тұжырымдамасына тіпті Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының қызығушылық танытып, өз ведомстволарында осындай жобаны енгізуді жоспарлап жатқандығын ерекше атап өтті.

«Сондай-ақ «AntikorNews» жобасының аясында 60-қа жуық брифинг өткізіліп, 130-ға жуық жедел түсірілім және БАҚ-та 6,2 мыңнан астам материал жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тақырыптар бойынша аумақтық департаменттер де апта сайын өздерінің баспасөз брифингтерін ұйымдастырды. Былтыр 800-ден аса спикердің, сондай-ақ облыс әкімдерінің (98 шара) қатысуымен 587 брифинг өткізілді», - деді Перизат Сәдуақас. 

***

«АntikorLive» - парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң 

«AntikorNews» онлайн-брифингі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас: «Агенттіктің «АntikorLive» медиа-жобасы парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының түрлі аспектілері үнемі жарияланып отырады» - деп мәлімдеді.

«AntikorLive» жобасының аудиториясын танымал әлеуметтік желілер мен видеохостингтердің оқырмандары құрайды.  "Тікелей эфирлер" белгіленген уақытта орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен сұхбат, блиц, дәріс форматында өтеді.

Жобаның эфирлері БАҚ-та жарияланады, эфир барысында спикерлер азаматтардың сұрақтарына өз жауаптарын береді. Кейбір тақырыптар қоғамдық резонансқа ие болады, осылайша мемлекеттік органдардың назарын проблемалық мәселелерге аударады.

«Жалпы, 2020 жылы "AntikorLive" жобасы аясында 150 спикердің қатысуымен 139 тікелей эфир өтті. Өңірлер 4 500-ден астам спикердің қатысуымен 5,5 мың тікелей эфир өткізді. Жалпы қаралым саны шамамен 4 миллионды құрады. Былтыр Агенттік алаңындағы «AntikorLive» жобасына Президенттің кеңесшілері Бағдат Мусин, Олжас Құдайбергенов, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы Директорының орынбасары Игорь Рогов, Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин, танымал режиссер Нұртас Адамбай, блогерлер Ғалым Байтук, Аида Жексен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрганов, Павел Казанцев, Бақытбек Смағұл, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сонымен қоса басқа да қоғам өкілдері қатысты» - деді спикер.

Жалпы, есептік кезеңде Агенттік жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған 3,5 мыңнан астам билбордтар мен баннерлер, 1 100-ден астам бейнеролик, 400-ге жуық аудиоролик дайындады. 

***

2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде бірқатар перспективалық жобаларды іске қосты 

2020 жылы Агенттік әлеуметтік желілерде «AntikorNews», «АntikorLive", «Агенттік қызметкерінің бір күні» және «AntikorCase» сияқты әлеуметтік желі қолданушылары арасында оң пікірге ие болған бірқатар перспективалық жобаларды іске қосты.

Бұл туралы "Antikor ortalygy" алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, эксклюзивті контенті бар ерекше «AntikorNews» медиа-жобасы Агенттіктің БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының маңызды құралына айналған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз онлайн көрсетілімін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Антикор қызметінің нәтижелері мен басымдықтары туралы жедел хабарлаған.

П.Сәдуақас бұл жобаның азғана уақыт аралығында нәтиже беріп, сұранысқа ие болғанын, оның тұжырымдамасына тіпті Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының қызығушылық танытып, өз ведомстволарында осындай жобаны енгізуді жоспарлап жатқандығын ерекше атап өтті.

Агенттіктің «АntikorLive» медиа-жобасы парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының түрлі аспектілері үнемі жарияланып отырады.

Агенттік белсенділікті арттыру үшін Instagram парақшасында жаңа айдарлар ашты. Аудиторияны тарту үшін "Сіз білесіз бе?", "АнтикорТаланттары", "Ұлылардың қанатты сөздері", "Күн саны", "Миф және шындық" айдарымен танымдық және анимациялық посттар, бейнероликтер жарияланды.

Сондай-ақ, Агенттік арнайы пошта маркасы мен Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы қанатты сөздері бар пошта конверттерін шығарған алғашқы мемлекеттік орган болғанын атап өткен жөн.

Агенттік республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен ынтымақтастықта белсенді ақпараттық жұмыс жүргізеді.

Есептік кезеңде орталық аппарат қызметкерлерінің 60-тан астам сұхбаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Агенттік "Тенгриньюс", «Zakon.kz", "ҚазТАГ", "Информбюро", "Ratel", "Время" және т.б. БАҚ-тың 200-ге жуық ресми және бейресми сұрауларына жауап берді. 

Журналистика күніне орай "Үздік интернет-жарияланым", "Үздік баспа жарияланымы", "Үздік телевизиялық жұмыс" номинациялары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған конкурс ұйымдастырылды.

«Қазақпарат» АА, «Zakon.kz», «Kazpravda.kz» интернет-басылымдарының,  өңірлік «Маңғыстау», «Bilim ainasy», «Наша газета» газеттерінің, «Astana TV», «Almaty TV», «Хабар 24» телеарналарының журналистері жеңімпаз атанды. 

***

"Antikor ortalygy" сервистік орталығы – Агенттік қызметінің ашықтығы мен айқындығының көрсеткіші 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін қолайлы алаңдар жасай отырып, өз жұмысына азаматтық қатысуды кеңейтеді. Оның бірі – еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін "Antikor ortalygy" сервистік орталықтары болды» - деді "Antikor ortalygy" алаңында өткен онлайн-брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас.

Спикер орталықтар ашылған сәттен бастап 3 000-нан астам түрлі іс-шаралар, кездесулер, тұсаукесерлер, брифингтер және т.б. өткізілгенін, олардың аясында мыңдаған қазақстандықтар өз проблемаларын айтып, мамандардың жауаптарын алғанын айтты.

Агенттік жұмыстың заманауи технологиялық форматтарын азаматтарды қабылдау секілді дәстүрлі форматпен сәтті үйлестірген. Олар күрделі және ерекше жағдайлардың мәнін тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аумақтық департаменттердің бірінші басшылары өткен жылы "Antikor ortalygy" - да 600-ден астам азаматты қабылдады.

Осы мақсатта Агенттіктің сайтында «сұрақ-жауап» арнайы сервисі жұмыс істейді, онда әрбір сұрау өңделіп, тиісті деңгейде ден қойылады.

Кері байланыстың тағы бір пәрменді тетігі – «Ашық диалог» электрондық үкімет порталы. Осы платформада Агенттік ай сайын интернет-конференция өткізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарту жөніндегі міндетті табысты шешетін "Adaldyq alańy", "Protecting Business and Investments", "Adal komek", "Ашық бюджет" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобаларының және арнайы мониторинг топтары мен ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын атап өткен жөн.

Айгүл Соловьева, Айман Умарова, Рахим Ошақбаев, Зәуреш Батталова және т. б. қоғам қайраткерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жобаларды ілгерілетуде ерекше белсенді екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, П.Сәдуақас Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды талқылауға және іске асыруға әрқашан дайын екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

36 пікір

  1. аватар
    Zandra 16 ноября 2024 21:33

    сұрауы бар судын да олен, айым болып тудың ба скачать шейка ашылу ушин не истеу керек, толғақ
    дәрісі жүйелі қарғыс мақал, қарғыс
    туралы мақал-мәтелдер қазақстандағы
    етті бағыттағы ірі қара, ірі қара мал
    түрлері

    My web blog - стихи пушкина на казахском

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.