ҚР МАМ және ЕҚЫҰ өкілдері гендерлік және жастар саясаты бойынша бірлескен жұмысты талқылады
Бүгін ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетовпен кездесті.
Тараптар қазіргі және болашақ жұмыс жоспарларын талқылады. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - заң шығару процесі, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру.
Қайрат Қамбаров гендерлік теңдік мәселелері бойынша әкімнің штаттан тыс кеңесшісі қызметін құру, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау, әйелдерге арналған семинар-тренингтер өткізу туралы бірқатар басым міндеттерді атап өтті.
Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов ұйымның жастар саясаты саласында да ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін ұйымның барлық қажетті ресурсы жеткілікті.
️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
3 пікір