Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2024 жылғы 15 қаңтар

Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2024 жылғы 15 қаңтар

Мазмұны:

  1. Қазақстан Республикасы мен Сейшел Республикасы арасындағы визасыз режим туралы келісімнің күшіне енуі туралы;
  2. Еуропалық Комиссия вице-президентінің Астанаға сапары туралы;
  3. Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымында Экология жылының басталуы туралы;
  4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктемесі;
  5. Қазақстан мен Монако Княздігі арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуы туралы. 
  1. Қазақстан Республикасы мен Сейшел Республикасы арасындағы визасыз режим туралы келісімнің күшіне енуі туралы

2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді.

Келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.

Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екi мемлекет аумағында болу мерзiмi күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам болу қажет болса, олар тиісті санаттағы Сейшел визасын алдын ала ресімдеу керек. 

  1. Еуропалық Комиссия вице-президентінің Астанаға сапары туралы

Бүгін, 2024 жылғы 15 қаңтарда Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Маргаритис Схинастың Астанаға сапары өтті.

Сапар аясында Еурокомиссия өкілі Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен және ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесулер өткізді.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың, атап айтқанда, «Транскаспий халықаралық көлік дәлізін» дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдың түйінді сәттерін, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерді талқылады. 

  1. Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымында Экология жылының басталуы туралы

Қазақстанның төрағалығы аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымында Экология жылы басталды.

Өткен жылдың шілде айында мүше мемлекеттер Қазақстанның 2024 жылды Ұйымдағы Экология жылы деп жариялау бастамасын бірауыздан қолдады. 2023 жылдың қазан айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары кеңесінде әзірленген Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Атап айтқанда, Ұйымдағы Экология жылы Қазақстанның ұсынысымен оқу орындарында тақырыптық іс-шаралармен, сондай-ақ Ұйым Хатшылығы өткізетін жекелеген іс-шаралардан басталады.

Жоба аясында экологиялық ұйымдар Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне, Дүниежүзілік су күніне, Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне және Дүниежүзілік орман күніне арналған іс-шараларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптарға арналған 20-ға жуық бірлескен іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр.

Біз Қазақстанның төрағалығымен басталған іс-шараларды Ұйымның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі елеулі үлесі деп санаймыз. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау ісінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының практикалық шараларын қабылдауды одан әрі ілгерілететін болады. 

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктемесі

Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз. 

  1. Қазақстан мен Монако Княздігі арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуы туралы

Бүгін, 2023 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуын атап өтуде.

Осы 15 жыл ішінде Қазақстан мен Монако өзара құрмет пен ортақ басымдықтардың берік байланыстарына негізделген достық қатынастырды дамыта алды. 2009 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел де экономика, сауда, туризм және мәдениетті қоса алғанда, әртүрлі салаларда табысты өзара әрекеттесуде.

Мәдени байланыстар Қазақстан – көшпелі өркениеттің бесігі мен Монако – Жерорта теңізі жағалауындағы қала-мемлекет арасындағы қатынастар маңызды рөл атқарады. Мәдени іс-шараларға қатысу арқылы екі елдің халықтары бір-біріне жақындай түсуде.

Бүгінде Қазақстан мен Монако Княздігі өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге бейілдігін білдіре отырып, сеніммен және оптимизммен алға ұмтылуда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/686383?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.