Қазақстан СІМ-де әкімшілік әділет мәселелері мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым бағыттары талқыланды

Қазақстан СІМ-де әкімшілік әділет мәселелері мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым бағыттары талқыланды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Әділет министрлігінің, Сот әкімшілігінің және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ, сондай-ақ алаңның қонақтары – халықаралық серіктестердің өкілдері, оның ішінде БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалары қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова өз сөзінде қатысушыларды құқық үстемдігі мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау негізгі басымдықтар ретінде танылатын Әділ Қазақстанды құру жөніндегі демократиялық және саяси реформалардың қалай іске асырылып жатқаны туралы хабардар етті. Азаматтық қоғаммен бірлесіп айтарлықтай жұмыс атқарылғанын, өткізілген конституциялық референдум сайлау жүйесін реформалау, саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Конституциялық сотты қайта құру, құқық қорғау институттарының әлеуетін күшейту және т.б. арқылы мемлекеттілікті нығайту үшін берік негіз қалағанын атап өтті.

«АӨДА» ККО отырысына қатысушылар ҚР-дың жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың нәтижелерін, 2019 жылы Қазақстанның ұлттық баяндамасын қорғау қорытындылары бойынша берілген Әмбебап Кезеңді Шолу (бұдан әрі - ӘКШ) ұсынымдарын іске асырылуын, сондай-ақ Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған Бала құқықтары жөніндегі Омбудсмен жұмысының басым бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, ҚР Әділет министрлігі Құқықтық насихат департаментінің директоры Н.С. Жамаладин Әкімшілік әділет 2,5 жыл ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғауда өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Егер бұрын азаматтар мен бизнес өкілдерінің істерді ұтып алу пайызды 15% құраса, бүгінгі уақытта көрсеткіш 60%-дан асатынын, яғни азаматтарға қатысты динамика айтарлықтай өскенін хабарлады.

Өз кезегінде «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ бағдарламаларының директоры А.С. Шорманбаев осындай кодификацияланған құжатты қабылдау азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Судьялардың әкімшілік органдардан тәуелсіздігін одан әрі күшейту, «мемлекеттік органдардың кінәсін презумпциясы» және сотқа дейінгі кезеңде ішкі әкімшілік рәсімдерді сақтау қажеттігіне назар аударды.

Күн тәртібінің екінші мәселесін талқылау барысында ҚР Әділет министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары Г.А. Каймульдина 2024 жылы Қазақстан ӘКШ аясында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне өзінің төртінші баяндамасын ұсынатынын, сондай-ақ 2019 жылы қорғау қорытындылары бойынша алынған ұсынымдарды іске асыру бойынша Әділет министрлігінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабарлады. Сонымен қатар, соңғы үш жылда адам құқықтары саласындағы қол жеткізілген прогресс атап өтілді, оның ішінде: өлім жазасы толығымен жойылды; әйелдердің еңбегін пайдалануды шектейтін жұмыстар тізімі жойылды; Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасы күшіне енді; Хабарламалар рәсіміне қатысты бала құқықтары туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасына қол қойылды; сайлау партиялық тізімдерінде және мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 30% квота енгізілді; тергеу органы, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты ажыратуға бағытталған сотқа дейінгі  үш буынды модель енгізілді және т.б.

Осыған байланысты, АҚмЗСЖҚХБ директорының орынбасары
Р.М. Ақылбекова Қазақстанның ҮЕҰ коалициясы ӘКШ-ның алдыңғы циклдары барысында ұсынылған ұсыныстарды ескере отырып, ӘКШ-ның үшінші циклінің қорытындылары бойынша өзінің балама баяндамасын дайындағанын және оларды ҚР мемлекеттік органдарымен бірлесіп талқылауға ниет білдіргенін атап өтті.

ККО отырысы барысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Закиева ҚР Үкіметінен қорытынды алуға жолданған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасының новеллалары туралы қысқаша айтып өтті. Уәкіл отбасыларға, әйелдерге және балаларға арналған «111 AMANAT» бірыңғай мемлекеттік сенім телефоны/байланыс орталығы жұмысының іске қосылуы туралы, Ауылдық жерде тұратын және ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарын дайындау, әлеуметтік зертхана құру жөніндегі жұмыстың барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ 15 өңірде отбасыны қолдауға арналған 145 орталық құру және 252 мекемеде (интернаттар, МӘМ және лагерьлер) жөндеу жұмыстарын өткізу жөніндегі жоспарларды бекіту туралы ақпаратпен бөлісті.

Күн тәртібін талқылау ашық және сындарлы сипатқа ие болды, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның одан әрі бірлескен жұмысы үшін ұсынымдар пакеті әзірленді.

«АӨДА» ККО қатысушылары іс-шараны қорытындылай келе «АӨДА» ККО келесі отырысын ү.ж. желтоқсанға жоспарлады.

Анықтама: «АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды.  Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы болып табылады. Алаңда халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, БҰҰ АҚЖКБ, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысу аясында адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.