Қазақстан мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл
Бүгін, 2023 жылғы 23 маусымда Қазақстан мен Аргентина дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.
Мерейтойлық күн екі мемлекеттің ынтымақтастықты және өзара тиімді әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған үдемелі қозғалысын көрсетеді. Астана мен Буэнос-Айрес арасында берік саяси диалог орнады, сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып келеді. Екі мемлекет халықаралық ұйымдар шеңберінде бір-бірін белсенді қолдайды, сондай-ақ саяси консультациялардың өткізу динамикасын жалғастырады. Қазақстан-Аргентина сімаралық консультацияларының үшінші раунды 2022 жылғы 8 желтоқсанда Астанада өтті, ал төртінші отырыс Буэнос-Айресте 2023 жылғы 22 тамызда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Аргентинаға сапары шеңберінде өтеді.
Мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз байланыстар біздің елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттағы маңызды оқиға 2016 жылдың қыркүйегінде Аргентинаның Росарио қаласында Қазақстандық мәдени орталықтың ашылуы болды. Орталық жыл сайын қазақ тілін оқыту курстарын өткізеді, Росарио қаласындағы Аргентина ұлттық туы мемориалында ҚР мемлекеттік туын көтеруді ұйымдастырады, Оңтүстік Америкада ұсынылған халықаралық көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысады.
2021 жылғы желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы» алаңының ресми ашылу салтанаты өтті.
Ынтымақтастықтың 30 жылында қол жеткізілген жетістіктер тараптардың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға деген шынайы ұмтылысын растайды.
[xfvalue_img]
7 пікір