Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келді
Сейсенбі, 26 шілдеде, Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1658898012
[xfvalue_img]