Қазақстан мен Эстония СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
2022 жылғы 10 наурыз – Эстония тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Эва-Мария Лийметспен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлер өзекті халықаралық мәселелер мен Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен ағымдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды үйлестіруге келісті. Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/338991?lang=kk
[xfvalue_img]