Қазақстанда ТДМ бойынша ерікті ұлттық шолуды талқылау басталды

Қазақстанда ТДМ бойынша ерікті ұлттық шолуды талқылау басталды

2022 жылғы 16 ақпан, Нұр-Сұлтан - Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Тұрақты даму мақсаттарының (бұдан әрі – ТДМ) іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі үйлестіруші орган ретінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Қазақстанда ТДМ бойынша ерікті ұлттық шолуды (бұдан әрі – ЕҰШ) дайындауды бастады.

2021 жылы Қазақстан 2022 жылғы шілдеде БҰҰ-дың Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумында ұсынылатын Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізу жөніндегі екінші ЕҰШ-ты таныстыру бойынша бастама көтерді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты күш-жігерді біріктіру, екінші ЕҰШ-ты дайындау бойынша пікір алмасу және жаңа шолуға қосу үшін басым ТДМ-ны бірлесіп айқындау болып табылады. Дөңгелек үстел барлық мүдделі тараптардың: мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, ғылыми орталардың, азаматтық қоғамның, халықаралық ұйымдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен екінші ЕҰШ-тың алдын ала жобасын талқылаудың бастамасы болып табылады.

«Алғашқы Ерікті ұлттық шолуды таныстырған сәттен бастап Қазақстан ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған бірқатар кешенді шараларды іске асырды. Алайда, пандемияның теріс салдары көптеген ТДМ-да қол жеткізілген елеулі прогресті кері қайтарды. Осыған байланысты, біздің алдымызда ағымдағы жылғы 13-15 шілдеде Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ-дың жоғары деңгейдегі Саяси форумында екінші ЕҰШ-ты қалыптастыру және оны таныстыру бойынша байыпты жауапты жұмыс бойынша маңызды міндет тұр», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов.

«Біз екінші Ерікті ұлттық шолу экономика мен өмірдің басқа да салалары үшін COVID-19-дың теріс салдарымен күрделенген өте қиын кезеңде дайындалып жатқанын мойындауымыз керек. Алайда, мұндай мәнмәтін елдерге неғұрлым тұрақты болашақ құрудың стратегиялық тәсілдерін қайта ойластыруға және қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан алғанда, ЕҰШ-ты дайындау процесі тұрақты даму жолындағы дәйекті қадамдарды белгілеуге мүмкіндік беретін бірегей құралдардың бірі болып табылады», - деп атап өтті БҰҰДБ-дың Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Өз кезегінде, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов былай деп атап өтті: «Ерікті ұлттық шолуды дайындау – бұл құжатты талқылау процесіне мүдделі тараптардың кең ауқымын тартуға, мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес және ғылыми орталар арасында жемісті диалог орнатуға мүмкіндік беретін бірлескен жұмыс. Бұл ретте, Ерікті ұлттық шолу – бұл Қазақстанның жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ ТДМ іске асыру жолындағы ықтимал сын-қатерлерді бағалауға мүмкіндік беретін құрал».

Іс-шара шеңберінде барынша өзекті болып табылатын негізгі сын-қатерлер мен Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізуге арналған шаралар, сондай-ақ ТДМ-ның ұлттық индикаторларының құрылымы және оларды екінші ЕҰШ-та ұсыну бойынша ықтимал нұсқалар талқыланды. 

Анықтама ретінде

2019 жылы Нью-Йоркте Қазақстан алғаш рет БҰҰ-дың жоғары деңгейдегі Саяси форумында өзінің Ерікті ұлттық шолуын ұсынды.

Ерікті ұлттық шолу - БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдаған сәттен бастап қол жеткізілген нәтижелердің өзіндік бір бөлігі (Күн тәртібі-2030). Күн тәртібі-2030-ды іске асыруды жеделдету мақсатында табыстарды, проблемалар мен алынған сабақтарды қоса алғанда, тәжірибе алмасу бойынша жәрдемдесуге бағытталған. ЕҰШ сонымен қатар саясат пен мемлекеттік органдарды нығайтуға ниеттенеді, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін әртүрлі мүдделі тараптардың қолдауы мен серіктестік қарым-қатынастарды жұмылдыруға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.