Маңғыстау облысының әкімі Түрікменстан консулын қабылдады
Бүгін, 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түрікменстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулы Мұхамметнұр Овезовты қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, барлық бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.
Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында, түрікмен капиталының қатысуымен 16 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2021 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында Маңғыстау мен Түрікменстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 14,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 49,4% – ға артқандығын көрсетеді.
Кездесу соңында тараптар екі жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
[xfvalue_img]
20 пікір