«Касперский зертханасы» жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың ауқымды халықаралық бағдарламасын ұсынады

«Касперский зертханасы» жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың ауқымды халықаралық бағдарламасын ұсынады

Academy Alliance жоғары оқу орындарына арналған жаңа серіктестік бағдарлама «Касперский Зертханасының» киберқауіпсіздік саласындағы тәжірибесі мен технологияларын оқу процесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында компания бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындарымен бағдарламаны дамытуды жоспарлап отыр, оның ішінде — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар) бар.

Қатысудың екі түрі ұсынылады: Associate Membership және Advanced Membership. «Информатика», «Қолданбалы информатика», «Компьютерлік ғылымдар» оқу бейіні бар және олар бойынша жыл сайын 400-ден астам бакалавр мен мамандар және 50-ден астам магистр оқытатын ЖОО-лар мүшелікке өтінім бере алады. Advanced Membership нұсқасын таңдау үшін тағы бір шартты сақтау қажет -ЖОО «Ақпараттық қауіпсіздік» бейіні бойынша кемінде 50 студентті оқытуы тиіс.

«Касперский зертханасы» он жылдан астам уақыт бойы жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді: конференциялар, конкурстар, хакатондар ұйымдастырады және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Компания 42 елдегі бүкіл әлем бойынша 200-ге жуық университеттің студенттерімен практикалық білімімен бөліседі. Осы санның 60-тан астам оқу орны Қазақстанда, Ресейде және ТМД-ның басқа елдерінде орналасқан. Жаңа бағдарлама ынтымақтастықтың қосымша форматтары арқылы осы қатынастарды нығайтуға бағытталған. Бұл ЖОО-ларға АҚ-саласының өзекті сұрауларын ескере отырып мамандар даярлауға көмектеседі, қолданыстағы білім беру бағдарламаларын күшейтеді.

«Біздің жаңа бастамамыз өз бойына бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың көп жылдық тәжірибесін қамтиды. Ол олардың қажеттіліктері мен неғұрлым тиімді білім беру форматтарын ескере отырып жасалған. Біз білім беру - әлеуметтік жобаларға ерекше назар аудара отырып, біз құруға ұмтылатын қауіпсіз болашақтың басты драйверлерінің бірі екеніне сенімдіміз», — деп түсіндірді Kaspersky Academy бағытының директоры Мария Грицан.

Kaspersky Academy Alliance-ке қатысу үшін жоғары оқу орындарының өкілдері academy.alliance@kaspersky.com сұраныс жолдауы қажет.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

166 пікір

  1. аватар
    Daryl 25 февраля 2026 15:07

    Their approaches center on strengthening product innovation, enhancing operational
    efficiency, and leveraging advanced technologies to improve performance and customer engagement.



    My blog post - roof ventilation

  2. аватар
    Kay 26 февраля 2026 21:51

    If you notice any damaged or missing shingles, address them promptly through
    shingle replacement.

    Feel free to visit my site :: roof inspection; Tony,

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.