СҚО полицейлері алаяқтық схемаларына қатысу үшін көзделген жауапкершілік туралы жастарға ескертіп жатыр

СҚО полицейлері алаяқтық схемаларына қатысу үшін көзделген жауапкершілік туралы жастарға ескертіп жатыр

(видео: https://youtu.be/wsIPuoo8jUU

Бүгінгі таңда алаяқтар криминалдық «бизнеске» жастарды белсенді тартуда. Өздерінің әккі әрекеттерін іске асыру үшін ғаламторды пайдаланып «дропперлерді» іздейді. «Дропперлер» - белгілі бір ақы үшін алаяқтардың қалтасын қампайтуға дайын жалған тұлғалар. Олар алданған адамдардан түскен ақшаны басқа елде отырған алаяққа жібереді.

Жастардың кейбірі алаяқтық схемаларына қатысу үшін көзделген жауапкершілік жайлы білмейді. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері білім ошақтарының студенттерімен кездесіп, бейтаныс адамдар үшін банктік карта ашудың қаупі, күмәнді операциялар үшін есепшоттарды бермеу туралы түсіндіріп жатыр. Мысалы, қазіргі уақытта сотта петропавлдық полицейлер ашқан 7 эпизодтан тұратын интернет-алаяқтықпен байланысты іс қаралуда. Сотқа тартылған адам – дроппер. Азаматтық заңнамаға сәйкес, алаяқтардың барлық келтірген шығыны дропперден өндіріліп алынуы мүмкін.

«Сондай-ақ желілік алаяқтар жастарға оңай жолмен ақша табуды ұсынып, курьер ретінде пайдаланады, - дейді СҚО ПД КПБ бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Басқаша айтқанда – алданған азаматтардың ақшаларын алып, көрсетілген шотқа аудару. Бұл үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тәртіп сақшылары осыған қатысты ақпаратты петропавлдық колледждерде білім алып жүрген жастарға түсіндіріп жүр. Өйткені осы жас шамасындағы жастар алаяқтардың нысанасында. Жедел уәкілдер «банктен шалынатын қоңыраулар», интернетте тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар үшін алдын ала төлемдер талап ету, микроқаржы ұйымдарында бөгде тұлғалардың атына займдар алу» сияқты интернет-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтуда».

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтерді құпия сақтау қажет. Сатушының алаяқ емес және тауардың нақты бар екеніне көз жеткізбей алдын ала төлемдер жібермеген жөн. Телефонға бейтаныс қосымшаларды орнатпау керек. Бұдан бөлек, күмәнді ұсыныстарға ермеген абзал. Өйткені қылмыстық қудалауға ұшырауыңыз мүмкін. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-studentterge-alayaqtyq-isine-qatysqan-zhaghdajda-qandaj-zhauapkershilik-qarastyrylghanyn-ajtty/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

76 пікір

  1. аватар
    Doris 29 сентября 2024 19:22

    Unlimited users can even create their own profiles to access appointments
    and settle for or decline invitations.

    my web-site - gas engineer software reviews (Wilbert)

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.