ПАРА БЕРУ, ПАРАҚОРЛЫҚҚА ДЕЛДАЛ БОЛУ ЖӘНЕ БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСУ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ANTIKOR БРИФИНГ БЕРДІ

ПАРА БЕРУ, ПАРАҚОРЛЫҚҚА ДЕЛДАЛ БОЛУ ЖӘНЕ БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСУ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ANTIKOR БРИФИНГ БЕРДІ

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула заңға сәйкес пара беру, парақорлыққа делдал болу және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы айтты.

2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдына қойылған міндеттерді орындау және тергеу сапасын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Соңғы 2 жыл ішінде Республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, пара берудің - 480, парақорлықта делдал болудың - 37, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың - 713 дерегі анықталды.

Егер еселенген айыппұлдарды алатын болсақ, онда пара берушілер мен делдалдар жиынтықта 2 жыл ішінде бюджетке 600 млн.теңге төлеуге үкім шығарды.

Елордада Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 192 қылмыстық іс тіркелді, сотқа 126 іс жолданды.

Қылмыстық қудалау 97 адамға қатысты, оның ішінде 6 – республикалық және 4 – облыстық деңгейде жүзеге асырылды.

Сотқа 45 азамат берілді, олардың 25-і сотталды, тағы 18-іне қатысты сот шешімдері күтілуде.

Жыл соңында ҚР ДСМ бұрынғы вице-министріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралды.

Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша «Горький атындағы орыс театры» РМК, Астана аймақтық электр желілік компаниясы, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, «Сергек», «Астана халықаралық әуежайы» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты көп эпизодты істер аяқталды, сондай-ақ Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісін кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту фактісі бойынша және басқа да бірқатар істер.

Сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған қылмыстық істер бойынша тиісті ұйымдарға ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде 100% ұсыныс енгізу қамтамасыз етілді.

Олар бойынша 47 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 23 басшы.

Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.

Бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді.

Мысалы, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген "айтарлықтай мөлшерде пара беру" қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды.

Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек. Күшейтілген санкциялар қосымша тежеуші фактор болады деп үміттенеміз.

Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болады.

Парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.

Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшеріде бірнеше есеге өсті.

Мысалы, енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды.

Мысал ретінде, егер адам 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған ең төменгі айыппұл ретінде сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2млн.теңгені құрайды. Осыған дейін, ең төменгі айыппұл мөлшері 1 млн. теңгені құрады.

Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.

Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, тағы да азаматтарды заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешуден бас тартуға шақырамын. Бұл үшін қатаң қылмыстық санкциялар қарастырылған.

Президент өзінің қыркүйектегі Жолдауында, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек деп атап өтті.

Кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау әрқашан ел басшылығы саясатының басымдығы болып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де, осы міндетті шешуге бағытталған.

2018 жылдан бастап, Агенттік Сыртқы істер министрлігімен, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп - бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша арнайы жобаны іске асырып келеді. Бұл кәсіпкерлерді жосықсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал қысымның, заңсыз сыйақы талаптарының алдын алу мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және т.б. олардың өзара әрекеттесу процесінде сүйемелдеуден тұрады.

Бүгінгі таңда, инвестицияның жалпы сомасы 16,2 трлн. асатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің» 613 бизнес-жобасы бар.

Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қауіпі бар.

Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға – яғни, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Құрметті әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғарыда баяндалған барлық заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

41 пікір

  1. аватар
    Luke 11 октября 2024 19:53

    две ночи снится один и тот же
    человек что чувствует человек
    онлайн гадание что если
    снится конфеты
    православные молитвы утренние для мирян спекл-интерферометрические двойные звезды, визуально-двойные звезды примеры

    my website мужчина телец критикует

  2. аватар
    Rosetta 23 октября 2024 10:40

    как поступить в ктл тараз, ктл шымкент как поступить мен және заң сурет, заң және мен дөңгелек
    үстел туған күнге олен жолдары,
    туған күн өлең мұқағали мақатаев бала
    туылғанда сойылатын мал, бала дүниеге келгенде
    жасалатын салт-дәстүрлер

    Here is my website; өнегелі өмір эссе бастауыш сынып

  3. аватар
    Meri 26 октября 2024 13:30

    табиғи бірлестік түрлері, тоғайдың және өзен жайылмасының
    өсімдіктер бірлестігі әлеуметтік желілер эссе, әлуметтік желі эссе аккорды сбпч, звукорежиссёр
    обучение в казахстане бала туғаннан
    кейінгі жәрдемақы, жөргекпұл магистратура 2023 грант

  4. аватар
    Isabell 28 октября 2024 05:32

    кредит кімдерге кешіріледі тизими, кредит
    туралы соңғы жаңалықтар биде для чего, гигиенический душ
    grohe алматы epay.kkb - онлайн тест 4 сынып қазақ тілі математика оплата, epay.kkb
    это расписание поездов сегодня торетам,
    жд вокзал торетам контакты

  5. аватар
    Refugio 30 октября 2024 19:08

    деятели «алаш» выступили за создание
    национального независимого государства, цели партии алаш
    адам ағзасындағы химиялық элементтер
    бжб, 7 сынып химия бжб pdf цитаты арман туралы,
    арман мақсат мотивация үлкенге құрмет кішіге ізет насихат өлеңі, реферат үлкенге құрмет кішіге ізет

    Also visit my blog үйден оқитын оқушыға бұйрық

  6. аватар
    Jannette 3 ноября 2024 01:41

    подработка для юристов екатеринбург кадастровые работы на многоквартирных дома работа удаленно
    на дому вакансии без опыта днр методист это какая профессия

    Feel free to surf to my website: фрилансер орион скачать

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.