«Касперский Зертханасы» мен «Павлодар облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» ММ киберқауіпсіздік саласында стратегиялық меморандумға қол қойды
«Касперский Зертханасы» мен «Павлодар облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі стратегиялық ынтымақтастық орнатқанын хабарлайды. Тараптар меморандумға 2023 жылғы 25 шілдеде Павлодар қаласында қол қойды.
Серіктестіктің мақсаты – Павлодар облысының ақпараттық қауіпсіздігін дамыту деңгейін арттыру, сондай-ақ бизнес пен білім беру мекемелерінің өкілдерін қоса алғанда, әртүрлі нысандағы топтарға білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.
Меморандум аясында тараптар компьютерлік шабуылдар туралы ақпаратпен, интернеттегі бұзып кіруге қарсы және оның алдын алу саласындағы тәжірибе алмасады. Ұйымдар, сонымен қатар, киберқауіпсіздік, деректерді қорғау бойынша бірлескен семинарлар, конференциялар өткізуге келісті.
«„Павлодар облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы“ мемлекеттік мекемесімен әріптестік біздің ұйымдардың білім беру бастамаларына қатысушылардың барлығына киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттерді арттыруға көмектесетініне сенімдіміз. Біз барлық мүдделі тараптарға пайда әкелетін және ортақ табыстарға әкелетін ынтымақтастыққа ұмтыламыз», — деп атап өтті «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
«Касперский Зертханасы» туралы
«Касперский зертханасы» — 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. Компанияның терең сараптамалық білімі мен көпжылдық тәжірибесі бизнестің, маңызды инфрақұрылымның, мемлекеттік органдардың және қарапайым пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынның қорғау шешімдері мен сервистерінің негізінде жатыр. «Касперский Зертханасының» кең портфолиосы озық құрылғыларды қорғауға арналған озық технологияларды, бірқатар арнайы өнім мен қызметті және күрделі және үнемі дамып келе жатқан киберқауіптермен күресуге арналған кибериммундық шешімдерді қамтиды. «Касперский зертханасы» технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам қолданушы мен 220 мың корпоративтік клиентті қорғайды. Толығырақ www.kaspersky.ru
[xfvalue_img]
44 пікір