Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауында салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша нормалар көзделгенін хабарлайды. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп Салық кодексінде белгіленген оларды төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салық берешегін өтеу мерзімдерін ұзарту танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.
Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту және (немесе) төлем төлеу бойынша салық төлеуші табыс етілген салық есептілігіне сәйкес есептеген, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық органы есептеген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, бөліп-бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.
Салықтарды бір мезгілде төлей отырып, салықтарды төлеу мерзімін алты айға дейінгі мерзімге ауыстыруға мүмкіндік беретін кейінге қалдыру, салықтардың және (немесе) төлемдердің сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі (Салық кодексінің 51-баптың 1-тармағы).
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу бір немесе бірнеше салықтар және (немесе) төлемдер бойынша берілуі мүмкін.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемақының төленуге жататын барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мұмкін.
Көрсетілген мақсаттар үшін төлемақы деп жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақылар түсініледі (Салық кодексінің 49-баптың 1-тармағы).
Сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қаржылық жағдайы салықтарды және (немесе) төлемді белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге берілуі мүмкін екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз, алайда оларды төлеу мұмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар.
Өз кезегінде салық төлеушіге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге мүмкіндік беретін жеті негіз көзделген (Салық кодексінің 51-баптың 2-тармағы).
Бұдан басқа, осы қызметті көрсету кезінде «Бір Терезе» қағидатын енгізу жолымен кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну рәсімі оңайлатылды. Мәселен, кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органы не салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу орны бойынша Мемлекеттік кіріс органы кабылдайды (Салық кодексінің 50-бабы).
Сонымен бірге Салық кодексінің нормалары салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның салық төлеушілігіне және (немесе) банк кепілдігімен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуді көздейді (Салық кодексінің 49-баптың 5-тармағы).
Мүліктік кепіл шарты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішті табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады (Салық кодексінің 52-бабы).
Банк кепілдігіне байланысты банкте (кепілгерде) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, бөліп төлеуді ұсыну шарттарын бұзған жағдайда, салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау бойынша міндет туындайды (Салық кодексінің 53-баптың 1-тармағы).
[xfvalue_img]
37 пікір