73% қазақстандық отандық сүтті таңдайды - Qalaisyn зерттеуі

73% қазақстандық отандық сүтті таңдайды - Qalaisyn зерттеуі

Қазақстандықтардың көпшілігі отандық өндірушілердің сүт өнімдерін сатып алады. Qalaisyn әлеуметтік зерттеулер платформасының деректері бойынша, сұралғандардың 73%-і ҚР-да өндірілген өнімді жөн көреді. Сондай-ақ, респонденттердің 43%-і үй сүтін ұнатады. Қазақстандықтардың тек 8%-і ғана импорттық сүт өнімдерін тұтынуға дайын. 

Qalaisyn зерттеуіне Қазақстанның барлық өңірінен 2300-ден астам адам қатысты. Айта кетерлігі, үй сүтін көбінесе Түркістан облысы мен Шымкент  тұрғындары сатып алатын көрінеді. Отандық сүт өнімдері Павлодар, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарында, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында анағұрлым сұранысқа ие. Импортталған сүтті тұтыну жөнінен Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары алдыңғы қатарда болып шықты. 

“Біз Qalaisyn панелінің қатысушылары арасында сүт өнімдерін таңдау мен тұтыну тәжірибесін байқап білу мақсатында зерттеу жүргіздік. Зерттеу географиясы Қазақстанның барлық 17 әкімшілік-аумақтық бірлігін: облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтыды. Қазақстандықтарға тек үздік тауарлар қолжетімді болуы тиіс және біздің зерттеуіміз отандық өндірушілер мен импорттаушыларға сатып алушылардың болжалдарын түсіну және оларға үздік ұсыныстар әзірлеу үшін қолдан келгенше көмек көрсете алады,” – деп түсіндірді Малика Атамбаева, Qalaisyn әлеуметтік зерттеулер жобасының жетекшісі.

Сауалнама алынған қазақстандықтардың тұтынушылық таңдауларының желісінде сүт(92%), қаймақ(73%), айран(67%) және май(64%) секілді өнімдер көш бастап тұр. Ал сүт пен кілегейден жасалған десерттер мен майлы айранды қазақстандықтар аса ұната бермейді (оларды жүйелі түрде сатып алатындар саны 7%-тен 18%-ке дейінгі аралықта).

Сүт өнімдерін таратудың басты нүктелері – қол созым жердегі азық-түлік дүкендері. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысы сүт өнімдерін алуға сонда барады. Тек үштен бірі ғана (респонденттердің 35%-і) саудасын супермаркеттер мен әмбебап дүкендерде жасайды. 

Qalaisyn.kz – түрлі өнімдер мен тіршілік әрекеті салаларының дамуына ықпал ете алатын, Қазақстанның белсенді тұрғындары арасында әлеуметтік және маркетингтік онлайн-сауалнамалар жүргізуге арналған панель. Qalaisyn қоғамдастық мүшелерінің пікірін бағалайды. Qalaisyn алаңында кез келген адам өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін, азаматтық көзқарасын білдіре алады. Бұл компаниялар мен жеке тұлғаларға арналған социологиялық, брендтік, маркетингтік, brand lift және өзге де зерттеу түрлерінің онлайн-платформасы. Жоба қазақстандық Aitu-Dala компаниясы өнімдерінің бірі болып табылады.

Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиа-сервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған  Qalaysin сервисі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.