Бүгін Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстан елінен шығарылғанына 32 жыл толды.

Бүгін Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғаныстан елінен шығарылғанына 32 жыл толды.

Сол кезеңдегі саяси ахуалдың талабы бойынша, яғни «Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс – 1945-1991 жылдар аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясаттың салдарынан туындаған жағдай болатын. 2-Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін фашизмге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салған болатын. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулардың неше түрін жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталастығы қоғамның барлық салаларында - ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б. жалғасып жатты. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Таяу шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды.

Кеңес Одағымен шекаралас Ауғаныстан елінде ішкі шиеленістердің нәтижесінде мемлекеттің аумағына АҚШ әскерлері кіріп, әскери базалары мен ядролық ракеталарын орналастырудың алдын-алу мақсатында кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін кіргізу шешімі қабылданды. Табаны

10 жылға созылған Ауғаныстан мемлекетіндегі саяси және әскери күресте отандастарымыз өз міндеттерін адал атқарып, адамдықтың, батырлық пен ерліктің теңдесіз үлгісін көрсетті. Талай жаужүрек жауынгерлердің – Бақытжан Ертаевтың, Бақытбек Смағұлдың, «қара майор» - Борис Керимбаевтың аттары тарихқа енді. 

Ерлер ерлігін ел ұмытпайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы ауғаныстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистердің мемориалында еске алу іс-шарасы өткізіліп, боздақтар ерлігіне тағзым етілді. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ресей Федерациясының әскери атташесі, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, елордалық гарнизон әскери қызметшілері, ауған соғысы ардагерлерлері, «Жас сарбаз» респуликалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойды. 

 Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы Мұрат Берекполов ардагерлерге жас ұрпақ атынан алғысын білдірді: 

«Құрметті ардагерлер! 32 жыл бұрын сіздер Отан бұйрығымен Кеңес Одағының Әлемдік бейбітшілік бағытындағы мүдделерін қорғап көршілес Ауғаныстаннан еліге абыроймен оралдыңыздар! 

Еліміз тыныштық пен бейбітшілікте еңбек етіп жатқанда Сіздер өз жас өмірлеріңізді қауіп пен қатерге тігіп, денелеріңізді жаудың оғына төсеп, сол замандағы дүниежүзілік империализм қатерінен «Қырғи-қабақ соғыс» уақытында Отанымызды ұзақ та қиындықтарға толы он жыл қорғап тұрдыңыздар! 

Сексенінші жылдардың сардарлары мен сарбаздары! Талай боздақ жауынгер достарыңыздан айрылсаңыздар да Сіздер адамзатты Үшінші дүние жүзілік соғыстан арашалаудың алдынғы қатарынан кеткен жоқсыздар! 

Тарихтың тасқа басқан таңбасындай Сіздер халық пен Отанға берген Әскери антқа соңына дейін адал болып, нағыз жауынгерлік ерлік көрсеттіңіздер! 

Еліміздің алдында – Сіздер антқа адал болудың өнегісі болып қала бересіздер! 

Сіздерге Жас ұрпақтың атынан алғысымызды білдіреміз!»

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.