Жеке жауапкершілік уақыты келді

Жеке жауапкершілік уақыты келді

Бұл туралы «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі конференция барысында мәлімдеді.

Zoom платформасында колледж директорлары, «Саналы ұрпақ» студенттік клуб белсенділері алдында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ерлан Шоланов, білім беру саласының өкілдері сөз сөйледі.

Кездесуде «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтары қызметінің негізгі нәтижелері, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу қорытындылары, сондай-ақ бақылау қызметінің қорытындылары да талқыланды.

Конференция қонағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров Облыстың білім беру мекемелеріне ISO 37001 стандартын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Стандарттың келесідей мүмкіндіктер спектрі ұсынылды: мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; процестердің қаржылық жай-күйін, ашықтығын және бір мәнді болуын бақылау арқасында шығыстарды қысқарту; оң корпоративтік құндылықтарды қалыптастыру есебінен жұмыс тиімділігін арттыру.

Өз кезегінде, республикалық жобалық кеңсенің басшысы Қайыржан Тоқышев білім беру өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігіне жүргізілген мониторингпен таныстырды. Колледждер мен университеттің ресми сайттарының мониторингі колледждердің әлсіз ақпараттық-насихаттау жұмысын, атап айтқанда, жүргізілген ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг бойынша қорытынды анықтаманың нәтижелерін, кешенді жоспардың орындалуы жөніндегі ақпаратты, студенттер арасында құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған акцияларды орналастырудың жоқтығын көрсетті. Жұмыстың тиісті жүргізілуінің мысалы ретінде Университет жұмысы келтірілді, оның ресми сайтында күнделікті жаңартулар мен ұсынылған деректерді өзектендіру жүргізіледі. Облыстың мектептері мен колледждерінде де үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқаны сөзсіз, бірақ оны күшейту және жетілдіру қажет.

Конференция қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Баянғазин оқу орындарының басшыларын ұйымның айқындығы мен ашықтығы қағидатын жүзеге асырудағы барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді қарсы тұруды жалғастыруға және бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін де еске сала отырып, парасатты және адал қоғам қалыптастыруға барынша жәрдемдесуге шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.