ҮКІМДЕР:

ҮКІМДЕР:

  1. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты өзінің қарамағындағы қызметкерден оны Департамент орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдем көрсету үшін алынған 2 млн.теңге сомасындағы параны лауазымды тұлғаларға беруге айдап салу және алаяқтық күдігі бойынша қылмыстық істі тергеді.

Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілді.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. 

  1. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аудандары бірінің әкімі орынбасары мен «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді сотқа жолдады.

Шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығару үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

Былтыр 17 қазанда оларға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

2020 жылы 24 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Аршалы аудандық сотына жолданды. 

  1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың қазан айында ЖШС директорынан жалпы сомасы 78 млн. теңгеге жабдықтарды жеткізуге ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін жалпы сомасы 7,8 млн.теңге пара алған денсаулық сақтау саласындағы ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты қылмыстық істі ағымдағы жылдың қаңтар айында сотқа жолдады.

Күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. 

  1. Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ЖШС өкілін бюджетке салықтарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерден алып тастай отырып, ЖШС қызметін тоқтату үшін Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларына 30 млн.теңге сомасында пара беруге арандатуда күдіктелген заң қызметтері палатасының мүшесіне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот айқындайды. 

  1. Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ММ инспекторы міндетті тауар-ілеспе құжаттарсыз қала базарларының аумағында етті (ІҚМ) кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі негізде пара алу күдігіне ілінді.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлерге қатысты пара беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.

2020 жылы 10 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Көкшетау қалалық сотына жіберілді. 

  1. Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «А» атты азаматты Қызылорда облысы бойынша «Төтенше жағдайлар департаменті» РММ лауазымды тұлғаларына аталған мекемеге жұмысқа орналастыру үшін 1 млн.теңге сомасында пара беруге арандатуда күдікті болған азаматшаға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот айқындайды.

ҮКІМДЕР: 

2020 жылы 1000-нан астам адам сотталды, 334 - пара алғаны үшін, 256 - пара бергені үшін, 146 - алаяқтық үшін, 98 - ұрлық үшін, 120 - лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 26 - парақорлыққа делдал болғаны үшін және т. б. сотталды.

Бас бостандығынан айыруға – 269, бас бостандығын шектеуге – 142, еселік айыппұлдарға – 575 адам, қалғандары шартты мерзімге немесе кейінге қалдырумен сотталды.

Қосымша жазалау шаралары 1 268 адамға қатысты қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін): 963 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 279 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 26 адам мүлкі тәркіленіп сотталды. 

  1. Мысалы, 2020 жылы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен бұрын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған «Оңтүстік» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы Н.Қ.Сарыбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол аталған компаниялардың қаражатын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру мақсатында бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Параның жалпы сомасы 6 млн. теңгені құрады. 

  1. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК директоры Қ. Нысанбаевқа, акушер-гинеколог А.Қайыржанға, акушер Ж.Құлбатыроваға, неонатологтар Д.Жұмабаева мен Р.Нұрмаханбетовке қатысты тергеуді аяқтады.

Нысанбаев, Қайыржан, Құлбатырова жаңа туған нәрестені өлтіру күдігіне, ал Жұмабаева, Нұрмаханбетов аса ауыр қылмыс жасау күдігіне ілінді.

Сонымен қатар, Нысанбаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, бірнеше рет пара алу, пара беруге оқталу, бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті болды.

2020 жылғы 18 қаңтарда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен:

Қ.Нысанбаев адам өлтіргені, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және пара беруге оқталғаны үшін жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруға;

А.Қайыржан адам өлтіргені үшін жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыруға;

Ж.Құлбатырова адам өлтіргені үшін жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айыруға;

Д.Жұмабаева, Р.Нұрмуханбетов аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталды

  1. 2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі О.А.Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.

Қайыргелдинов Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуеайлақты қасақана заңсыз сатып алу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдіктелді. Бұл мемлекетке 240 млн.теңге сомасында аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соқты. 

  1. Зеренді аудандық сотының үкімімен:

- Зеренді ауданының әкімі Б.Н. Әбутәліпов 5 жылға бас бостандығын шектеуге;

- «Зеренді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.Е.Бақанов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға;

- «Stem-4» ЖШС директоры А.А. Столяренко 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Әбутәліпов пен Бақанов Зеренді ауылындағы жолдарды ағымдық жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою үшін компания директорынан 4 тонна АИ-92 маркалы ЖЖМ-ге талон түрінде пара алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз жасау және орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануда күдікке ілінді.

Сондай-ақ, олар іс жүзінде жеткізілмеген қазандық жабдығы үшін жалпы сомасы 8,8 млн теңгеге "Stem-4" ЖШС-не заңсыз аудару жолымен бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болды. 

  1. 21.01.2021 жылы Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ бұрынғы басшысы Б.И.Әлзахов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Б.И.Әлзахов жалпы қамқорлығы және бақылауындағы кәсіпкерліктермен технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу жөнінде шарттар жасасуға компания директорына жәрдем көрсеткені үшін алдау және сенімге қиянат жасау жолымен 7 млн теңге алуға әрекет жасағаны үшін күдікке ілінген. 

  1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана АЭК»АҚ-ныңсеніп тапсырылған электр энергиясын ірі мөлшерде жұмсау фактісі бойынша Қоғамның Басқарма төрағасының орынбасары А.Б.Түсіпбековке, сондай-ақ оның бағынышты қызметкерлері – АҚ-ның учаске бастықтары Р.Г.Борисовке, Б.Е.Жақыповқа және АҚ-ның электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы Қ.Б.Қорабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 13,7 млн теңге, ал кәсіпкерлік субъектілер 60,3 млн теңге сомасындағы залалды толық көлемде өтеді.

06.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен кінәлілер ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1,3-тармақтары және ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотталып, жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде сотталған адамды жылына 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды. 

  1. 21.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қ. Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қ. Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаев мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 42 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Наурызбаев жеке компания директорынан орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз төлеуге жәрдемдескені үшін 1,4 млн.теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. 

  1. 08.12.2020 жылы Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен келесілер:

- Департамент басшысының бұрынғы орынбасары – ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадрлар және әскери білім департаментінің кадрлармен жұмыс басқармасының бастығы полковник Ж.Ж.Байғазинов 5 жылға бас бостандығын шектеуге;

- ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери өкілдіктерінің орталығы бағытының (Әуе қорғанысы күштерінің) бастығы полковник М.А.Ысмағұлов 28 630 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға;

- ҚР Қорғаныс министрлігінің «Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты» курсанттары взводының командирі аға лейтенант Е.БЖұмашев 5 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Олар басқа әскери қызметшілерді ҚР басқа әскери бөлімдеріне аудару үшін жалпы сомасы 2 867 000 теңге ақшалай қаражатты алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен алдау және сенімге қиянат жасау жолымен иемденді деп күдіктелген.         

  1. Қордай аудандық сотының үкімімен:

- Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің м.а. К.Е.Айтпаев 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыруға;

- әкімдіктің бас бухгалтері А.М.Рысмендиева 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Айтбаев пен Рысмендиева «Айсұлтан» ЖК-ін алдау жолымен оның есеп айырысу шотын қолма-қол ақшаға айналдыру және кейіннен жымқыру үшін жол көрсеткіштерін жасауға, тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді. 

  1. Сайрам аудандық сотының үкімімен Сайрам аудандық полиция басқармасының Көші-қон қызметінің бастығы Г.К.Дарханов арнайы әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыра отырып, 1,5 млн. теңге айыппұлға сотталды.

Ол Өзбекстан Республикасының 9 шетелдік азаматын заңсыз жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және Қазақстан Республикасынан шығарып жібермегені үшін 50 мың теңге пара алу күдігіне ілінді. 

  1. Шымкент қ. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шымкент қ. бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы С.Қ.Мейірбеков 46 млн теңге айыппұлға сотталды, ол аталған департаментке мемлекеттік инспектор-аудитор ретінде жұмысқа тұрғызу үшін 15 мың АҚШ долларын алаяқтық жолмен алуда күдікті болды. 
  1. №2 Айыртау аудандық сотының үкімімен 23 млн 415 мың теңге көлемінде айыппұлға «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Арықбалық филиалының директоры Л.Ю.Ларионов сотталды.

Осы үкіммен «Көкшетау» МҰТП» РММ Арықбалық филиалының №1 қорықшы учаскесінің мемлекеттік инспекторы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инспекторы (қорықшы) Е.К.Аманатов 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Екеуі де 3 жыл мерзімге аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Л.Ю.Ларионов филиалға бақылау ревизиясын жүргізуге келген лауазымды тұлғаға беру үшін филиал қорықшысы Е.К.Аманатовқа ұлттық парк аумағында қолдануға тыйым салынған елікті атуға заңсыз нұсқау беру күдігіне ілінді. 

  1. Жарма ауданының №2 сотының үкімімен жымқыру фактісі бойынша Шар қ. пошта қызметі бөлімшесінің бұрынғы басшысы Н.Ж.Кәмшімбаева 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға (ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігін қолданумен және қызы он төрт жасқа толғанға дейін үкімді кейінге қалдырумен) сотталды. 
  1. Қостанай облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинетінің қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімі басшысының орынбасары Р.Қ.Шұғаев орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол төтенше жағдай режимінде жалпы сомасы 374 875 000 теңгеге 1490 дана компьютер сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты ықтимал жасасқаны үшін коммерциялық ұйыммен арнайы тәртіп бойынша бір көзден тікелей шарт жасасу және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою арқылы компания өкілдерінен 14 млн теңге сомасында қаражатты алдау жолымен иемдену күдігіне ілінді. 

  1. Шымкент қ. Қаратау аудандық сотының үкімімен:

- Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» МКК бас дәрігері А.А.Маймақов 4 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға (соңғысының 15.01.2020 жылдан бастап үй қамауында болуын ескере отырып);

- бас бухгалтер Б.Т.Нарбаева заңды ұйымдарда материалдық жауапты тұлға лауазымын 5 жылға атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына (ҚР ҚК 63-бабын қолдануды ескере отырып, бас бостандығынан айыру мерзімі шартты болып саналады) сотталды.

Олар 25 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген. 

  1. 15.01.2021 жылы Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен:

- аса ірі мөлшерде 40 млн теңге пара беруге итермелегені үшін Д.Е.Баймадиев 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталды;

- пара беруге итермелегені және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін (40 млн теңге) Ж.Е.Басболатов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

  1. 11.01.2021 жылы Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен «Талдықорған қаласының ТКШ бөлімі» ММ қаржы-экономикалық секторының меңгерушісі Ж.Ж.Тоғызбасова қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазасын өтей отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Тоғызбасова ЖШС директорынан орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін 700 000 теңге сомасында ақша қаражатын алуда күдіктелді. 

  1. Көкшетау қалалық сотының үкімімен «Консультациялық-құқықтық орталық» ЖШС директоры Ю.Н.Абжанова 3 жылға бас бостандығын шектеу және заң қызметімен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасына кесілді. Ол Көкшетау қ. Шалқар көшесі, 5 үй мекенжайы бойынша орналасқан нысан бойынша эскиздік жобаны келіскені үшін «Көкшетау қ. Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ лауазымды тұлғаларына пара беруге арандатушылық жасады деп күдіктелген. 
  1. 12.01.2021 жылы Орал қалалық сотының үкімімен БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі взвод командирі полиция майоры А.С.Серіков 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және полиция майоры арнайы атағынан айырылды.

Ол кәсіпорын директорынан заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруда Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қамқорлық көрсеткені үшін 500 мың теңге сомасында пара алуда күдікке ілінген. 

  1. 15.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен:

- Нұр-Сұлтан қ. ПД жедел басқару орталығының кезекші инспекторы полиция подполковнигі К.Ж.Сайлыбаеваға 5 186 000 теңге айыппұл салынды;

- К.К.Тенкебаеваға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сайлыбаева құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершіліктен алып тастау және бірнеше рет пара алу үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камералары тіркеген құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне бұрмаланған деректерді енгізу арқылы және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершіліктен босатуда өз өкілеттіктерін пайдалану және бірнеше рет пара алу күдігіне ілінген. К.К.Тенкебаева әкімшілік материалдарды тоқтатқаны үшін пара берді деген күдікке ілінді.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.