Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жаңа серпін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жаңа серпін

Қазіргі таңда сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, әлеуметтік құбылыс ретінде өз жалғасын табуда.  Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

"Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық", - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың еліміз үшін аса қауіпті мәселелердің бірі екенін баса айтқан.

Осы орайда, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін барынша төмендету, жою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы заңнамалар өзгерістерге толы болды. Отандық заңнамаларды жетілдіру бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, бағыныстыларының сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі енгізіліп, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды.

Сонымен қатар, қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынып, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілді және комплаенс-қызметтер институты енгізілді.

Комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Сонымен қатар, өзгерістерге сәйкес, енді мемлекеттік қызметке үміткер өзі қызмет еткісі келетін ұйымда қандай да бір туысының жұмыс істейтіні туралы басшылыққа хабарлауы керек.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін заңда жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді. Яғни, Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізілді, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады.

Жыл соңы желтоқсан айында пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша Қылмыстық кодекске тағы бірқатар түзетулер енгізілді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, Қылмыстық кодексте құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, пара берушілерге, парақорларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға делдалдарға жаза түрі қатаңдатылды. Мысалы, бұрын пара берген адам 100 мың теңге айыппұл төлесе, енді айыппұл көлемі 2 млн теңгені құрап, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды. Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды. Айта кетерлік жайт, 2020 жылы пара бергені үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша 32 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау әрқашан ел саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, 2018 жылдан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің бастамасымен бизнесті қорғау жобасын іске асырып келеміз. Бұл жоба инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді жүзеге асыруға арналған. Бүгінгі күні облыс бойынша "сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу" аясында жалпы инвестиция сомасы 277,5 млрд.теңгеден асатын 39 бизнес-жоба бар.

Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді. Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Бұдан басқа, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайтындығы туралы, мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынатындығы туралы түзетулер енгізілді.

Бұл өзгертулер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал етіп, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қосымша тосқауыл болып, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жаңа қарқын береді.

Ерлан Жалмағамбет,

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

ШҚО бойынша Департаментінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.