Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында бір қатар автожол жобалары аяқталды
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында бір қатар тас жолды қайта жаңарту жұмыстары аяқталды:
- Үшарал-Достық, км 30-60.
Бұл учаске Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Бас мердігер - "Қыран" ЖШС. Ұзындығы 30 шақырым учаскедегі жұмыстарға 265 маман мен 144 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс өндірісінің сапасын бақылау мақсатында жол-құрылыс зертханасы мен геодезия тобы жасақталды. Бүгінде нысандағы жұмыстар толық аяқталып, жоба пайдалануға берілді.
- Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы (Нүкіс), км 0-85.
Ұзындығы 85 шақырым учаскедегі бас мердігер "Теміржол жөндеу" ЖШС. Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесі бойынша күре жол ІІ-тенхникалық санатқа сәйкестендірілді. Жолшылар су өткізгіш құбырларды, жол өткелін, 1 жол айрығын, сыртқы жарықтандыру, барьерлік қоршаулар мен жол белгілерін орнатты. Бүгінде учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталды.
- А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань), км 833-853.
Қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған учаскенің ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Мердігер - "СинеМидасСтрой" ЖШС. Бүгінде учаске ІІ-техникалық санатқа сәйкес, екі жолақты тас жол. Жолшылар 8 автобус аялдамасын, су өткізгіш құбырлар мен жарықтандыру желісін, жол белгілерін орнатты. Қазіргі таңда учаске бойынша қауіпсіз және үздіксіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілген.
[xfvalue_img]