Бос лауазым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай-Кәсіпорын) бос орынға орналасуға сұхбаттасу өтетінін жариялайды:
- Кәсіпорынның Қарағанды облыстық филиалының директоры;
Үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- қоса берілген құжаттардың тізбесімен бірге сұхбаттасуға қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландырушы құжатың көшірмесі;
- фотосымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (нақты тұратын мекен-жайлары мен байланыс телефондары көрсетілген;
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
- еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері.;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
Аталған құжаттардың біреуі болмай қалған жағдайда, сұхбаттасуға қатысушының құжаттарын қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үміткерлерге келесі біліктілік талаптары қойылады:
- Мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: ветеринараия (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария);
- Еңбек өтілі ветеринария саласында мамандығы бойынша басқару лауазымында 5 жылдан кем емес;
- Зертханалық менеджментті, ветеринариялық заңнамасын білуі;
- Компьютерде және өзге де оргтехникалармен жұмыс істей білуі;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 13:00-ге дейін және 14:00-ден бастап 18:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қ-сы, Республика даңғылы, 50/1, 1- қабат, 109 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады, байланыс телефоны, факс 8(7172) 91-61-24, 91-61-14, 91-61-13, эл.пошта: odo-rvl.ast@mail.ru.
[xfvalue_img]