Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсы жалғасуда

Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсы жалғасуда

10 маусым мен 20 қыркүйек аралығында http://greenoffice-kaz.org/?page_id=1934 сайтында өтінімдер қабылдануда. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған анкетаны толтырып, greenkaz.kz@gmail.com электронды почтасына жіберу керек.
Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.
Байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ. Қолдау білдіргендер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі.
Байқауға мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.
Конкурсқа қатысу шарттары http://greenoffice-kaz.org/ сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/ фейсбук желілерінде көрсетілген.
«Жасыл кеңсе», әдетте, барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады.
Жасыл кеңсе жұмысшылар мен келушілерге экологиялық білім берумен айналысады, ресурстарды (электр, жылу, су, қағаз) үнемдейді, қажетсіз сатып алулардан бас тартады, экологиялық таза құралдар мен технологияларды қолданады, ауаны тазартады, иондайды және ылғалдандырады, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады.
Жасыл кеңсе элементтерін енгізу: кеңсені ұстау құнын төмендетуге; бюллетеньдер санын азайтуға, тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыруға, ұйымдардың қоғам алдындағы беделін арттыруға ықпал етеді.
Жасыл кеңселердің осындай конкурстары көптеген елдерде өткізіледі.
Байқаудың нәтижелері 2020 жылдың қыркүйек айында жарияланып, қатысушылар сертификаттарымен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін салтанатты кеште марапатталады.

 

Ақпарат алу үшін 8 (7172) 99 94 08, + 7 7473838301 номері арқылы Асыл Окаповаға хабарлассаңыз болады

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.