Алматы жоспарлы көмек көрсетуді қайта бастаған медициналық ұйымдар саны бойынша көш бастап тұр

Алматы жоспарлы көмек көрсетуді қайта бастаған медициналық ұйымдар саны бойынша көш бастап тұр

 

Медициналық ұйымдардың тізбесі өңірлер бөлінісінде жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастау күнін көрсете отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында орналастырылған және үнемі өзектілендіріліп отырады.

 

24 тамыздағы жағдай сәйкес еліміз бойынша жоспарлы көмек қызметін республикалық, облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 638 медициналық ұйым көрсетеді. Ең көп көрсеткіштер Алматы қаласында (67 медициналық ұйым), Шығыс Қазақстан (54) және Жамбыл (51) облыстарында.

Сондай-ақ тізімде осы жылдың қыркүйек және қазан айларында жоспарлы қызмет көрсетуді іске қосатын медициналық орталықтар мен ауруханалар көрсетілген.

Наркологиялық және психиатриялық бағытта жоспарлы көмек көрсететін Психикалық денсаулық орталықтары жұмысын қайта бастады. Өңірлердегі оңалту орталықтарының бір бөлігі, соның ішінде жеке орталықтар жұмысқа кірісті. Медициналық оңалту қызметтері көпсалалы ауруханаларда да қайта көрсетіле бастады.

Медициналық ұйымдар жоспарлы емдеуге жатқызуды мынадай бейіндер бойынша жүргізеді: терапиялық, кардиологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік-гинекологиялық, травматологиялық, торакалдық хирургия, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бұл жұмысқа CoVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатыспаған медициналық ұйымдар кірісе алды. Жоспарлы медициналық көмек көрсетуді іске қосу Жоспарын әрбір өңір дербес жасады. Оған өзгерістер жергілікті жерлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілетін болады.

Жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында танысуға болады (https://fms.kz/ru/content/pg). Тізім үнемі жаңартылып отырады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.