«САМҰРЫҚ - ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРАЛАРЫН ҰСЫНДЫ.

«САМҰРЫҚ - ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРАЛАРЫН ҰСЫНДЫ.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ауыр экономикалық жағдайдағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетеді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қордың басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді.

Қолдау көрсету - екі бағдарламаны, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын және импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.

А.Пірметовтың айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айында өткен Қорды басқару Кеңесінің отырысында Кеңес және оның төрағасы қазақстандық кәсіпорындарды қолдаудың жаңа бағдарламасын қолдады.

Бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өз өнімдерін өткізумен байланысты проблемалары бар кәсіпорындармен тікелей шарттар жасасуды көздейді. Әлішер Пірметовтың  айтуынша, бұл компаниялар тобына қажетті тауарларды сатып алуға, ал кәсіпорындарға өндірістік процесті тоқтатпауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау бағдарламасының нәтижелері бойынша 38 өндірушіні қамтыған 28,3 млрд.теңге сомасына 47 жоба қаралды. Кәсіпорындардың жоспарланған жүктемесі орта есеппен 35% - дан 85% - ға дейін ұлғаяды, тоқтап тұрған 2000 жұмыс орны қалпына келтіріліп, 800 жаңа жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, аталған артықшылықтар мен пайдалардан басқа, өндірістік жүктемені арттыру есебінен бюджетке 6 млрд.теңгеге жуық салық түседі.

«Жаңа тәсілдерді енгізу жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдаудың нақты тетігі бола отырып, жұмыс орындарын сақтап қана қоймай  бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді.Қор отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға ниетті. Мұндай жүйелік шаралар Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайынан тауарлық нарық конъюнктурасына тәуелді болмай, жаңа әлеуетпен шығуға көмектеседі. - деді Әлішер Пірметов.

Әлішер Пірметов сондай-ақ 2019 жылы іске қосылған импорт алмастыру бағдарламасы туралы еске салды, оның аясында импорт алмастыруға бағытталған жаңа өндірістерді нақты құруға бағытталған жаңа бастамаларды қолдау үшін оффтейк келісімшарттарының механизмі іске асырылуда. Өз кезегінде, Қор компаниялар тобы өндірушілерге олардың өнімдерін сатып алуға кепілдік береді.

2018-2020 жылдар қорытындылары бойынша қордың компаниялар тобы 37 оффтейк-шарт жасады, инвестиция көлемі 218 млрд теңгені құрады, 2000 жаңа жұмыс орны құрылды және кәсіпорындар 11,5 млрд теңге салық төледі.

Әлішер Пирметов кәсіпкерлермен және тауар өндірушілермен байланыс үшін арнайы құрылған https://svoyzavod.kz/ веб-сайтын ұсынды, мұнда импортқа алмастыруға арналған тауарлар пулына бас тарту туралы келісім жасасуға немесе тауарлар пулына қосуға өтініш беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылды кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялады.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.