«Адал комек» жобасы аясында 11 мыңға жуық азамат өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелер алды
Қазіргі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бірқатар жаңа интерактивті онлайн жобаларды бастады.
Құқықтық сауаттылықты көтеру мен ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған азаматтар мәселелерінің шешілуін көздейтін «Adal kómek» волонтерлік жобасы ерекше назар аудартады.
Жылдың басынан 11 мыңға жуық азамат мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
Мемлекет басшысы жоба жетекшісі Айман Омарованы «Халық алғысы» медалімен марапаттауы – осы жобаның уақытылы және нәтижелі екендігінің айғағы.
Сондай-ақ, Агенттіктің жұмысымен халықты үздіксіз ақпараттандыруды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтарды түсіндіру үшін танымал әлеуметтік желілерде 1 800 тікелей эфир өткізген «Antikor.LIVE» жобасы да бар.
Сыбайлас жемқорлық саясатының түрлі қырларын түсіндіру жұмыстарына мемлекеттік органдар басшыларынан, әр саланың мамандары мен қоғам белсенділерінен тұратын 1,5 мың сыртқы сарапшы-спикерлер тартылды.
Аталған жобалар әлеуметтік оқшаулану жағдайында азаматтарды қабылдаулардың дәстүрлі үлгісін алмастырып, еш шектеулерсіз Агенттікпен байланысқа шығып, өз сұрақтарын шешуге мүмкіндік берді.
Әр апта сайын Агенттіктің жұмысы көрсетілетін «Antikor News» арнайы жаңалықтар топтамасы шығып тұрады.
Аталған мерзімде 6 интернет-конференция, 19 онлайн-брифинг және 48 онлайн-интервью ұйымдастырылды.
[xfvalue_img]
11 пікір