Кәсіподақта кімдер марапатталды: еден жуушы, вахтер, көлік жүргізуші

Кәсіподақта кімдер марапатталды: еден жуушы, вахтер, көлік жүргізуші

                                              

12 желтоқсанда   Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясында еліміздің ең басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов  еліміздің әр азаматы үшін ең ұлы әрі қастерлі мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, тәуелсіздіктің 28 жылында  Елбасының бастамасымен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Елбасының бастамасымен қабылданған  «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары елімізді  әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылуға бағыт берді.

Елбасы Еңбек адамының елімізді дамытудағы орнын айқындап, ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда Жалпыға Ортақ Еңбек   Қоғамын құруды жариялады. Онда адал, таза әрі ақылмен еңбек етудің жолдары мен тәсілдері атап көрсетілді»,-деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

Ералы Тоғжанов Кәсіподақтар федерациясының ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі мен бүгінде кәсіподақтардың азаматтық қоғамның тірегіне айналғандығын атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері ірі қоғамдық қозғалысқа айналған ҚРКФ құрамында қазір 2 миллионнан астам еңбеккер  және 23 салалық, 17 аумақтық кәсіподақ бірлестігі мен 18 мың бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар»,- деді ҚРКФ төрағасы.

Бүгінде еліміздегі кәсіптік одақтардың қызметі ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңда реттелген. Кәсіптік одақтар федерациясы әлеуметтік әріптестіктің тең құқылы қатысушысы ретінде Үкімет пен жұмыс берушілермен  бірлесе отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастарында қолайлы жағдай туғызуға жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Федерация бүгінде жұмысшылардың құқығын қорғау шараларын жетілдіру бағытын да басты назарда ұстап отыр. ҚРКФ төрағасының айтуынша, әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс орындарын сақтауға қатысты 117 мың меморандумға қол қойылған. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 15 мың өндірістік кеңестер құрылып, жұмыс істеуде. Олардың 80 пайызы кәсіподақтардың бастамасымен құрылған, бұл мәселелер бойынша кәсіподақтардың 18 мың техникалық инспекторларды қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда.     Татуласу орталықтарында еңбек жанжалдарын сотқа жеткізбей шешуде 3 мыңнан аса медиациялық рәсімдер өткізілді.

«Кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындарда  еңбек даулары оң шешімін табатындығын атап өткім келеді», - деді Е. Тоғжанов.

ҚРКФ еңбеккерлердің мүдделерін қорғаудағы маңызды қадамы  кәсіподақ мүшелерінің тұрғын-үй мәселелерін шешу десек, Федерация «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесе отырып, 500 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын-үй сертификатын бекітті. Кәсіподақтар қарапайым жұмысшылардың мәселелерін басты назарда ұстайды.

Ералы Тоғжанов өзінің өңірлердегі жұмыс сапарларында еңбек ұжымдарымен кездескен кезде еңбеккерлердің шешімін таппаған өзекті мәселелерді ортаға салғандығын жеткізді.

«ҚРКФ төрағасы ретінде үш айда мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарын, сонымен қатар, Шымкент пен Алматы қалаларында болып, өңірлердегі еңбек саласындағы жағдайды өз көзіммен көріп қайттым. Еңбекшілердің өзекті мәселелерін шешуде әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында облыс әкімдерімен өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумдарға қол қойылды. Маңғыстау облысындағы еңбекшілермен жүзбе-жүз сөйлесу үшін мен мұнай кен орындарына бардым. Теміртау мен Жезқазғанда көмір және кен шахталарына түстім. Кеншілер маған ауыр еңбекке байланысты зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуді сұрады»,- ҚРКФ төрағасы.

Қостанай қаласында өткен Республикалық үшжақты комиссияның (РҮК)  отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің ведомствоаралық жұмыс тобының қарауында жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар ҚРКФ бірқатар ұсыныстары ҚР Үкіметі отырысында қолдау тапты.

Атап айтқанда, кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды бекітуді заңмен міндеттеу;  еңбек жанжалдарын бірлесе ескерту; өндірістегі жарақаттанушылық деңгейін төмендету шаралары; қарызды еңбекті ретттеу мәселелері.

Ералы Тоғжанов сөзінің соңында кәсіподақ мүшелеріне еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы және кәсіподақ қозғалысын жандандырудағы еңбектеріне табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Құттықтау сөзінен кейін салтанатты жиын  кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсімімен жалғасты.Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес  еліміздің  өңірлерінен 16 кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мемлекеттік марапатқа ие болды. Егемен еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып, қажырлы еңбегімен ерекшеленген жандарға мемлекеттік, Үкімет басшысының Алғыс хаты және кәсіптік одақтар федерациясының марапаттарын еліміздің барлық өңірлерінен келген өндірістің түрлі салаларында еңбек ететін қарапайым жұмысшыларға ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжанов тапсырды.

«Құрмет» орденімен «Химиялық,мұнайхимиялық және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Керім Пірімқұлұлы және «Құрылыс кешені және тұрғын үй коммунальдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Құсейін Есенғазин марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медаліне «АлЭС» АҚ  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Валерий Михайлович Ситдиков ие болды. Ол 12 жылдан бері «АлЭС» АҚ мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша жауапты қызметкер және бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарып келеді.  Ол еңбек ететін кәсіпорында 3080 адам жұмыс істейді,100 пайыз Алматы қаласын электр энергиясы мен жылумен қамтамасыз етеді. «АлЭС» - ең үздік әлеуметтік пакет және ұжымдық шарт бойынша өңірдегі үздік кәсіпорын болып табылады.

Марапатталғандар қатарында  вахтер Есенгелді Нұрмағанов, көлік жүргізуші Қайрат Ибраев, Нұр-Сұлтан қаласының № 51 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Өрік Ибраева және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ  Костенко атындағы шахта  машинисттерінің  бригадирі Шонтаев Амантай Ескермесұлы бар.

ҚРКФ төрағасының Алғыс хаты еден жуушы Шолпан Тұрғымбаеваның өмірінде бірінші алған марапаты. «Мен 56 жастамын. Бұл жұмысты хабарландыру арқылы таптым. Менің жасымда мұндай жұмысты табу да оңай емес.Кәсіподақтың менің еңбегімді бағалағанына ризамын»,- деп қуанышымен бөлісті Шолпан Тұрғымбаева.

Кәсіптік одақтар федерациясының салтанатты іс-шарасында мемлекеттік және кәсіптік одақтар наградаларымен еліміздің әр өңірінен түрлі салалардың 24 қызметкері марапатталды.

 

 ҚР Кәсіптік одақтар  федерациясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.