Азаптаудың алдын алу бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы Шоғырландырылған баяндамасының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен ұлттық алдын алу тетігінің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Шоғырландырылған баяндамасының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шара БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының, ЕҚЫҰ, БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Омбудсмен мекемесімен ұйымдастырылды.
Тұсаукесерге БҰҰ азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің мүшесі, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері және ҰАТ өңірлік топтарының басшылары қатысты. Осы құжаттың жыл сайынғы тұсаукесері азаматтық сектор өкілдеріне мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп азаптаулардың және қатаң қарым-қатынастың алдын алу саласындағы өзара іс-қимылдың қорытындыларын талқылауға, сондай-ақ осы салада қажетті шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік беретін тиімді диалог алаңын білдіреді. Пікір алмасу барысында мемлекеттік органдардың назарын жедел ден қоюды талап ететін аса проблемалық мәселелерге аударды. Негізінен мәселелер ұстау жағдайларына, қызметкерлердің мандаттық мекемелерде жасалған адамдармен қарым-қатынас жасауына қатысты болды.
ҰАТ қатысушыларының ұсыныстарын орындауға және мекеме басшылығымен де, орталық мемлекеттік органдар деңгейінде де тиімді өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, аталған ұсынымдарды имплементациялауға және анықталған қатыгездік фактілерге дер кезінде ден қоюға жәрдемдесетін прокуратура органдарының маңызды рөлі атап өтілді. Пікірталас қорытындысы бойынша ҰАТ қызметінің алғашқы 5 жыл ішіндегі маңызды жетістіктері атап өтілді және жалпы оның тиімділігіне оң баға берілді.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]