Алматыда туберкулезді емдеуге 4,2 млрд теңге бөлінді

Алматыда туберкулезді емдеуге 4,2 млрд теңге бөлінді

 

Алматы қаласы бойынша туберкулезді емдеуге бюджеттен 4,2 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, республика бойынша құрт ауруына шалдыққандарды емдеу мен оларға әлеуметтік көмек көрсетуге 47,7 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы оңтүстік астанада аталған диагнозбен диспансерлік есепте тұрғандар саны 905 адам болатын. Оның ішінде 648 адамға диагноз тұңғыш рет қойылған.

Филиал басшысының айтуынша, өткен жылы туберкулез қалада 8,2 пайызға азайған. Сонымен қатар, жұқпалы дерттен көз жұмғандар саны да төмендеді. Атап айтқанда, 2017 жылы туберкулез 65 адамның өліміне себепші болған болса, былтыр олардың саны 49-ға дейін кеміген.  

Жыл сайын 24 наурызда әлемде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен өтетін дәстүрлі шара биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды ТОЛЫҚ ЕМДЕП ЖАЗУ» деген ұранмен өтпек (Find. Treat. All. #EndTB»).

Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Туберкулездің алдын алу, анықтау мен емдеу  кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 

Статистикаға қарағанда, 2018 жылы Қазақстанда 35 мың 181 пациент диспансерлік есепте тұрған болатын (оның 14 мың 874-і туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар). Оның ішінде 8 мың 942 адамға диагноз алғаш рет қойылған.  

Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.

Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.

Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі.

 

МСҚ Алматы қалалық филиалы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив