Самұрық-Энерго мен АДБ арасында 30 млрд теңгеге кредиттік келісім жасалды

Самұрық-Энерго мен АДБ арасында 30 млрд теңгеге кредиттік келісім жасалды

 

Бүгін Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ мен Азия даму банкі (АДБ) арасында жалпы сомасы 80 млн АҚШ доллары көлемде кредиттік келісімдер жасалды. Заем теңгеде беріледі, оның көлемі шамамен 30 миллиард теңгеге сәйкес келеді.    

«Самұрық-Энерго» өзінің кредиттік портфелін оңтайландыру мақсатында өткізген маңызды мәміле ірі қазақстандық энергетикалық холдинг пен беделді халықаралық қаржылық даму институты арасындағы ұзақ мерзімді және берік әріптестікті ресми түрде бекітті. АДБ үшін Самұрық-Энергомен жасалған келісімдер Қазақстан Республикасындағы алғашқы және бірегей тәжірибе болып табылады. Себебі кредиттер ұлттық валютада беріледі. Қаржыны жалпы корпоративтік мақсаттарға, тиімділікті арттыруға және қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға бағыттау жоспарланған.

Құжаттарға қол қою рәсімі «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламановтың, АДБ Орталық, Оңтүстік және Батыс Азия бойынша инфрақұрылымдық қаржы жөніндегі операциялық департаментінің директоры Шантану Чакрабортидің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың қатысуымен өтті.  

Бақытжан Жоламановтың сөзінше, АДБ секілді аса ірі даму институтынан кредиттік қаржының тартылуы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвесторлық базасын кеңейтуге және нығайтуға септігін тигізеді. Бұл жалпы банк пен нарық тарапынан білдірілген жоғары сенім деңгейінің көрсеткіші болып табылады, сондай-ақ «Самұрық-Энергоның» халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына сәйкес келетінін растайды. 

Өз кезегінде Азия даму банкінің өкілі «Самұрық-Энерго» ұстанған бағыт АДБ-ның 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясының барлық дерлік бағыттарымен сәйкес келетінін атап өтті.  «Оның үстіне, бұл стратегия әр елге арнап былтыр бекітілген, Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы   әріптестік стратегиясымен тығыз қабаттаса жүреді және үкіметтің кепілінсіз мемлекеттік құрылымдарды дамытуды басты назарда ұстайды. Азия даму банкінің Жеке операциялар департаментінің қызметі туралы айта отырып, біз Қазақстандағы жобаларға қатысуымызды айтарлықтай кеңейткіміз келетінін мәлімдейміз және қазіргі уақытта біз жаңартылатын энергия көздерінің үш жобасы бойынша жұмыс істеп отырғанымызды айтқымыз келеді», - деді Чакраборти мырза.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

 press@sk.kz

 

 

Анықтама: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы  – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және болашақ ұрпақтар үшін ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын компаниялардың тиімділігін арттыру, қоржын құрылымын оңтайландыру, кірістерді әртараптандыру, корпоративтік басқару және тұрақты даму тәрізді стратегиялық мақсаттар және төрт стратегиялық бастамалар арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен 74,1 млрд АҚШ долларын құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

Азия даму банкі – гүлденген, жақсы қарым-қатынас орнаған, өміршең және орнықты Азия-Тынық мұхит өңіріне қол жеткізу мақсатын ұстанатын халықаралық қаржы ұйымы. 1966 жылы құрылған банктің акционерлері 67 ел болып табылады, олардың 48 осы өңірде орналасқан. 2017 жылы АДБ операцияларының жалпы сомасы 32,2 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде 11,9 миллиард АҚШ доллары бірлесе қаржыландыру түрінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.