Қазақстаннан еңбек көші-қоны: бағыттар, тәуекелдер және дайындық

Қазақстаннан еңбек көші-қоны: бағыттар, тәуекелдер және дайындық

Қазақстаннан еңбек көші-қоны бүгінгі таңда жаңа шындыққа айналып отыр. Егер бұған дейін Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдайтын ел ретінде танылса, соңғы бірнеше жылда жағдай өзгеріп, республика еңбек күшін экспорттайтын мемлекетке айналды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның 140 521 азаматы шетелге табыс табу үшін кеткен. Салыстырсақ, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 190 мыңнан асқан еді. Көшу бағыттарының географиясы айқын: негізгі бағыттар ретінде Ресей, Корея Республикасы, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Ұлыбритания қалып отыр.

Еңбек ұтқырлығының өсуін Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) да тіркеп отыр. Ұйымның атап өтуінше, ұзақ мерзімді эмиграцияның қысқаруына қарамастан (2024 жылы тұрақты тұруға 12,7 мың адам кеткен), уақытша еңбек сапарлары барған сайын жаппай сипат алуда. ХКҰ есебіне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша шетелде 156,7 мың Қазақстан азаматы жұмыс істеген. Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясында (128,8 мың), Корея Республикасында (15,2 мың), Польшада (2,6 мың) және Біріккен Корольдікте (1,4 мың) еңбек еткен.

Қазақстаннан еңбек көші-қонының артқанын әлеуметтік желілердегі еңбек мигранттарының оқиғалары, шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың рилстары мен жазбалары да айқын дәлелдейді. 

География және жаңа келісімдер

Қазіргі таңда Қазақстаннан еңбек көші-қонына байланысты жағдайды реттеу үшін ел билігі ең алдымен қазақстандық еңбек мигранттары ағылып жатқан мемлекеттермен келісімдер жасасуға күш салып отыр. Қазақстан Қатармен және Ұлыбританиямен екіжақты келісімдерге қол қойды. Сонымен қатар мемлекет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдап, елдегі көші-қон мәселелерін реттеуді көздеді.

2024 жылы Қатармен қазақстандық жұмысшыларды іріктеу мен олардың құқықтарын қорғаудың ашық әрі айқын рәсімдерін бекітетін үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Парсы шығанағы елдерінде жалпы жағдай күрделірек. Реформаларға қарамастан, жүйелі тәуекелдер сақталып отыр: жалақының кешіктірілуі, заңсыз рекрутингтік төлемдер, төлқұжаттарды тартып алу және кәсіподақтық қорғаудың болмауы.

Осы тәуекелдерді азайту мақсатында Қазақстан үкіметі Қатармен келісімге қол қойды, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерімен және Сауд Арабиясымен халықаралық шарт жасасу мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбританияның Еңбек заңнамасын бұзу мен қанауға қарсы қызметі (GLAA) арасында меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта ерекше назар Корея Республикасына аударылып отыр. Қазақстан билігі төмен және орта білікті жұмысшыларды заңды түрде жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Алайда бұл бағыттағы ілгерілеу көп жағдайда Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың санын азайтуға байланысты. Бағалаулар бойынша, бүгінде ол елде 7 мыңнан 15 мыңға дейін Қазақстан азаматы заңсыз еңбек етіп жүр. Күн тәртібінде – оларды репатриациялау, сертификаттау және жұмысқа орналастыру талаптарын біріздендіру мәселелері тұр. Жалпы алғанда, Халықаралық көші-қон ұйымының деректеріне сәйкес, Қазақстан үкіметі Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чех Республикасы, Румыния және Финляндиямен де осындай келісімдер жасасу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Азия елдерінде жалған «жұмыс ұсыныстары» арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. Тек 2025 жылдың өзінде Қазақстанның ондаған азаматы Мьянма мен Лаоста еңбек қанауының құрбаны болды. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық цифрлық жұмыспен қамтудың өсуі аясында дәл осы аймақта жоғары жалақы мен тегін әуе билеттерін уәде ететін жалған бос жұмыс орындары көбейіп, шын мәнінде адамдарды ауыр қанауға, тіпті заманауи құлдыққа апарып соқтыруда. 

Еңбек мигранттарының негізгі мәселелері

Мәселелер шекарадан өтпей тұрып-ақ басталады. Күмәнді ұсыныстарға келісетіндер көбіне келісімшарттарды тексермейді, құқықтық нормалармен таныс болмайды және тілдік ортада бағдар табуы қиынға соғады.

Цифрлық дағдылардың шектеулілігі мен қаржылық сауаттылықтың төмендігі осалдықты одан әрі күшейтеді: адамдар тиімсіз, ауыр міндеттемелер жүктейтін келісімдерге қол қояды, «делдалдарға» алдын ала төлем жасайды, әлеуметтік қорғау құқықтарынан айырылып қалады.

Министрлік пен Халықаралық көші-қон ұйымы атап өткендей, дәл елден шығар алдындағы дайындық кезеңінде мигранттың тәуекел тобына түсіп-түспейтіні шешіледі.

«Біздің басым бағытымыз – еңбек көші-қонын заңды әрі қорғалған арналарға көшіру. Сондықтан біз Кореямен EPS жүйесі бойынша келіссөздерді қатар жүргізіп, Парсы шығанағы елдерімен жасалған келісімдерді іске асырып жатырмыз, сондай-ақ азаматтардың құқықтық дайындығын мемлекеттік платформалар арқылы күшейтудеміз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асет Шонов.

Оның айтуынша, қарапайым ережелердің өзі көптеген мәселеден қорғай алады. «Делдалдарға қолма-қол ақша беруге болмайды, елге кірудің ешқандай “көлеңкелі” схемаларына жол жоқ. Тек тексерілген жұмыс берушілер және виза немесе рұқсаты бар келісімшарттар ғана болуы тиіс. Бұл құқықтардың сақталуына кепілдік береді әрі консулдық қолдауды жеңілдетеді», – деп атап өтті Асет Шонов.

Еңбек көші-қонына қалай дайындалу керек

Табыс табу үшін сапардың қауіпсіз болуы үшін мигранттың өзі не істеуі керек?
Ең алдымен, жұмысқа орналасу арнасының заңдылығына көз жеткізу қажет. Бұл не мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары арқылы, не үкіметаралық деңгейде жасалған келісімдер шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Кореяға қатысты жағдайда EPS жүйесі бойынша келіссөздердің барысын және ықтимал сертификаттау талаптарын қадағалап отырған жөн.

Екінші қадам – сапар алдындағы бағдарлау курсынан өту және онлайн-оқыту бағдарламаларын меңгеру. skills.enbek.kz және migration.enbek.kz мемлекеттік платформаларында қажетті ақпарат жинақталған, ал ХҚҰ - мен бірлесіп жүзеге асырылатын «Ашық Әлем» ақпараттық науқаны мигранттар мен олардың отбасыларына арналған материалдарды үйлестіреді.

Оқудан тек шартты түрде өтіп қана қоймай, құқықтар, міндеттер, тұрмыстық жағдайлар және қабылдаушы елдің ерекшеліктері туралы негізгі білімді шынымен де меңгеру маңызды.

Сондай-ақ лауазымы, жалақысы, жұмыс кестесі, тұратын жағдайы және медициналық сақтандыру шарттары нақты көрсетілген екі тілдегі келісімшарт жасау да аса маңызды.

Парсы шығанағы елдерінде құжаттарды ұстап қалу тәртібін бөлек тексеру қажет. Жолға шығар алдында төлқұжаттың, визаның, сақтандырудың көшірмелерін жасап, оларды бұлтты сақтау қоймасында сақтаған пайдалы. Ал жақындарыңызға тұратын мекенжайыңызды және жұмыс берушінің байланыс деректерін хабарлап қойған жөн. Мемлекет төтенше жағдайлар үшін 1414 сенім телефонының нөмірін және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің байланыстарын қолда ұстап жүруді ұсынады.

Дайындық қаржылық гигиенаны да қамтиды: халықаралық карта ашу, бірнеше айға жететін «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру, құжаттардың түпнұсқаларын үшінші тұлғаларға беруден бас тарту. Цифрлық осалдық жағдайында мессенджерлер арқылы байланыс жасағанда сақ болып, жеке деректерге қолжетімділікті шектеу де маңызды. 

Алдағы қадамдар қандай?

Мемлекет өз тарапынан үкіметаралық келісімдер желісін кеңейту және қабылдаушы елдермен жаңа квоталар бекіту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, мигранттар көп шоғырланған елдерде полиция атташелерін тағайындау арқылы консулдық және құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіру де күшейтілуде. Ал ХКҰ бұл үдерісті жүйелі түрде жолға қоюда мемлекетке қолдау көрсетіп келеді.

Осылайша, Қазақстан халықаралық келісімдер мен ел ішіндегі ақпараттық-ағартушылық жұмысты ұштастыра отырып, қауіпсіз еңбек көші-қонының тұтас архитектурасын қалыптастыруда. Тәуекелдер тарапының өзінде заңсыз мәртебе, алаяқтық схемалар және жекелеген юрисдикцияларда еңбек құқықтарының бұзылуы қалып отыр. Ал шешімдер жағы – заңды арналар мен сапар алдындағы дайындық, оны бүгінде мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар барған сайын белсенді қолдап келеді.

Еңбек көші-қоны – бұл тек табыс табу ғана емес, сонымен қатар отбасылардың, қауымдастықтардың және ел экономикасының болашағына әсер ететін маңызды әлеуметтік үдеріс. Сондықтан қазақстандықтардың сапарға қалай дайындалатыны және мемлекеттің олардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететіні туралы мәселе бүгінгі таңда әлеуметтік күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың біріне айналып отыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.