Есімдерімізді дұрыс жаздыру-азаматтық парыз

Есімдерімізді дұрыс жаздыру-азаматтық парыз

Заттарды түзету атауларды түзетуден басталады.                                                                   

                                                                                                                                   Кофуций

Көбіне қалың жұрт дүниеге жаңа келген нәрестенің есімін ырымдап қоятыны мәлім. Ол түсінікті де. Өйткені ырымға сүйенген пенде таңдаған есімін үлкен үмітпен байланстырады, оның бәрін келешектен мол жақсылық күтіп жасайды. Әрбір ата-ана баласының өмірі ұзақ та мәнді, дені сау да қуатты, абыройлы да бақытты, мейірімді де дәулетті болғанын қалайды. Бірақ кейінгі кезде есімдердің «мәніне емес сәніне», «жұрттың құлағындағы әніне» сай қоятын болды. Әрине, есім таңдау әргімнің өз еркі. Дегенмен...

Осында бір жайбарақат отырыста, таныс бикеш әкесіне әзілді-шыны аралас айтқан назы еске түседі: - «Әке, маған Күлзипа деп ат қойғаныңызда неге жаңылыстыңыз, мені «күлге» теңегеніңіз қалай?». Шынында «күл» сөзінен құлаққа жайсіз, жағымсыз «теріскей» түсінігі байқалатыны анық. Кімге болсын белгілі, «күл» - отын жанып біткеннен кеінгі қалдығы.  Бұл сөз біреуге ашуланып айтылатын оғаштау мағынасы бар теріс тілекте: «Күл болмасаң, бүл бол» сияқты тіркесте кезігеді. Ал «бүл» сөзі сирек те болса  қолданылады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бұл сөзге былай анықтама береді: «БҮЛ ет.көне. Бүліну. Озбыр олжа үшін өледі, күншіл күндеумен б ү л е д і (Мақал). Осы айтқаным болмаса, Тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елін б ү л е д і (С.Сейфуллин, Шығ.(Аталған сөздік, «Ғылым» баспасы, Алматы-1976, 565 бет).  «Күл болмасаң, бүл бол» мақалдың қазіргі түсінігі «жоғал да құры» дегенге саяды. Ал жоғарыдағы мысал ретіндегі келтірілген мақалдың екінші бөлігі - «күншіл күндеумен бүледі»  сөздерінің мағынасы - «күншіл күндеумен солады» деген түсінікті береді.  «Күл» сөзіне байланысты мынадай фразиологизмдер кезігетінін еске сала кетейік: «Күлі аспанға ұшты», «Күлін сабады», «Күлі сөнді», «Соңынан күл шашты» және т.б.               

«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» «Күл» сөзінің бірнеше түсінігі берілген: «КҮЛ=ет. 1. Адамның дауыс шығару немесе езу тартып жымию арқылы көңіл күйінің көтеріңкі болуын, қуануын, шаттануын білдіруі. ...2. Әзіл-сықаққа айналдыру, мысқылдап әжуалау. ...3.ауыс. Өмірді қамсыз-қаркетсіз, бақытта, шаттықта, сауықта өткізу. ...4.ауыс. Сәуле шашып жарқырау, жарық түсу» ( аталған сөздік, VIII, «Арыс» баспасы, Алматы, 2007,461 бет). Сөздіктегі осы анықтаманы келтіре отыра, онымен мүлем келіспейтінімді атап өткім келеді. Өйткені, «КҮЛ» сөзі түсінігі - біреуді күлдіруге мәжбірлеу (Орысша: Смейся! - Повелительное наклонение отражает волю говорящего, побуждение к совершению действия, просьбу или приказ - Қазақша: Бұйрық рай- сөйлеушінің ерік-мақсатын білдіре отыра, оның іс-әрекетті, өтінішті немесе бұйрықты орындату талабын айқындайды). Шынында, бұл ретте, «КҮЛ» сөзіне берілген 1-ші анықтама «КҮЛКІ» сөзіне байланысты берілген анықтамаға ұқсайды.

Ал, енді әкесіне назын білдірген бикештің сұрағы дұрыс десек те, ол Күлзипа есімін қалаған шақта, ойында Гүлзипа (мағынасы - әдемі гүл) еімі тұрғаны анық. Бірақ туу туралы куәлікті толтрған мемлекеттік қызметкер қате жібергені сөзсіз: «Күл»-дің орнына «Гүл» деп жазылуы керек еді. Мына есімдер де түзетілуге жатады деуге болады, мысалы: Күлжан (дұрысы-Гүлжан - гүлдей нәзік), Күлай(д.-Гүлай - айдай ашық гүл), Күлбала(д.-Гүлбала), Жеңіскүл (д.-Жеңісгүл ), Әсемкүл(д. - Әсемгүл), Бақыткүл(д. - Бақытгүл), Жұпаркүл(д.- Жұпаргүл), Кенжекүл(д. - Кенжегүл) және т.т. Осыған орай,  заң бойынша Қазақстан азаматы өзінің аты-жөнін ауыстыруға заң талаптарына сай құқылы.

Ер азаматтар есімдерін де бір шолып өтейік:  көбіне есімдер мына нұсқаларда кезігеді Ералы, Сералы (дұрысы – Ер+әли, Шер (иран тілінен- арыстан)  + әли - Әли ибн Әбу Талиб әл-Құраши- - Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, күйеу баласы, сахабасы құрметіне таңдалған есімдер);  Жанзақ (д. –Жаныұзақ); Шрақпай (д.-Шырақбай); Нақысбек ( д. - Нағызбек);  Қайыргелді (д.- Қайыркелді); Алдаберген (д. - Аллаберген); Мірәсіл (д. - Өміріасыл); Өмірзақ(д.-Өміріұзақ) және т.т.

Өкінішке орай, қысқартылып аталып жүрген есімдер бастапқы «азан шақырып» қойылған толық есімдерді ресми түрде ауыстырып кеткені жұртқа мәлім. Мысалы, құжаттарда жиі кезігетін есімдер: Мұқаш (басында Мұхаммед болуы ықтимал), Әбіш (мүмкін шынайы нұсқасы – Әбдірахман, Әбдіжаппар, Әбдіжәміл, Әбдіразақ); Ақай (Ақпанбет, Ақсұлтан, Ақылбек?); Алдаш (Алтынбек, Алпамыс, Алпысбай?) және т.т.  

Ал төлқұжаттарда азаматтың тегі(фаммлиясы) жазылғанда да қателер кетеді. Мысалы, Мусин (дұрысы - Мусаев - өйткені сөздің түбірін құрап тұрған Мұса - пайғамбардың есімі), Исин (д.-Исаев), Әбілдин (д.-Әбілдаев), Хамзин (д.-Хамзаев) және т.т. Төлқұжаттарды толтырғанда орыс тілінен кірген «ов», «ин»-жұрнақтарының орнына атасы немесе әкесінің атының соңына қашанда қазақы «тегі» сөзі қосылып жазылса абыройымыз өсер еді. Мысалы Мұсатегі, Исатегі, Әбілдатегі, Жұмабайтегі және т.т. Шіркін барлық отандастарымыз осы үлгіге көшсе, біртұтас мызғымас нағыз қазақ  халықы екендігімізді өзіміз саналы түрде сезінер едік және бұл нұсқа өзінен-өзі әртарапқа көпе-көрнеу паш етілер еді.   

Есімдерді төлқұжаттарда толық та дұрыс жаздыру азаматтық міндет деп түсінген жөн. Бірақ,  оларды әрқилы қысқартып, еркелетіп немесе тілге оралымды етіп ауызға алу - әркімнің өз еркінде болуға тиіс.

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.