StartUp Академиясы: TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бастамасын қорытындылады

StartUp Академиясы: TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бастамасын қорытындылады

TikTok платформасы Орталық Азиядағы ең ірі технопарк болып табылатын Astana Hub-пен серіктестікте үшінші жыл қатарынан өткізіп келе жатқан TikTok Startup академиясының кеңейтілген білім беру бағдарламасын қорытындылады. Жоба стартаптарға цифрлық маркетингте жаңа білім алуға және TikTok-тың бизнесті ілгерілету және өсіру платформасы ретіндегі әлеуетін толық ашуға көмектеседі. Биыл ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген стартаптарды біріктірді.

Бұл бастама мақсатты аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды, бағдарламаға қатысуға төрт елден 176 стартап өтініш берді. Қатысушы компаниялар әртүрлі салаларды ұсынды: өтінімдер білім беру және технологиялық саладағы компаниялардан, сондай-ақ е-коммерция сегментінен және саяхат пен ұлттық көрікті жерлерді таныстыру шешімдерінен алынды. Қатысушылар TikTok-тан білім беру курсын өтті, платформада қызықтыратын мазмұн құруды, аудиториямен өзара әрекеттесуді және тиімді жарнамалық науқандар жүргізуді үйренді. 

Жоба финалына 40 стартап шықты, олар TikTok платформасы мен Astana Hub өкілдеріне өздерінің платформадағы даму мен ілгерілету стратегияларын ұсыну мақсатында Астанаға келді. Финалистер бірқатар критерийлер бойынша таңдалды: стартап идеясының жаңашылдығы, даму кезеңі, географиялық кеңейту жоспарлары және TikTok-та жылжыту стратегиясының сапасы. Astana Hub питч-сессияларының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз таңдалды, олар  30 000 доллар көлеміндегі жалпы жүлде қорын өзара бөлісті, және оны TikTok-тағы ілгерілетуге жұмсай алады.

  • iTarla (Азербайджан)
  • Легко (Кыргызстан)
  • Postureletics (Казахстан)
  • Stepogram (Узбекистан)
  • Food-Ai (Казахстан)
  • Qpia (Казахстан)
  • Airun (Кыргызстан)
  • Beksar (Казахстан)
  • Documood (Азербайджан)
  • Talklif (Узбекистан)

Юлия Кушнир, Қазақстандағы TikTok бизнесті дамыту департаментінің басшысы:

"Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге тырысамыз және олардың бизнесті ілгерілетіп, дамытуы үшін платформамызды пайдалануға көмектесеміз. Біздің бизнесті қолдаудағы адалдығымыз туралы Startup Академиясы шеңберіндегі стартап командаларын үшінші рет оқытып жатқанымыздан-ақ белгілі. Биыл біз Академия бағдарламасын кеңейтіп, төрт елден келген 40 командаға питч-сессиялары аясында өздерінің даму стратегияларын ұсынуға мүмкіндік бердік. Үздік идеяларды ұсынған 10 жеңімпаз өз шығармашылық идеяларын TikTok платформасындағы жарнамалық науқандарға аударуға мүмкіндік беретін гранттарға ие болады».

Мағжан Мәдиев, "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ бас директоры:

"TikTok және Astana Hub серіктестігі - бұл жай ғана бастама емес, стартаптар мен инновациялық бизнесті дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия. TikTok кәсіпкерлерге кең аудиториямен өзара әрекеттесуге, өз идеяларын сынауға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң ұсынады.

Astana Hub үшін бұл стратегиялық маңызы бар жоба, өйткені ол біздің миссиямызға толық сәйкес келеді - стартаптардың өсуіне жағдай жасау, олардың әлеуетін ашу және жаһандық аренада табысқа жетуіне көмектесу. Біз сондай-ақ TikTok-пен серіктестігімізді білім беру бастамалары аясында да кеңейтуді жоспарлап отырмыз, соның ішінде Tomorrow School мектебі, онда біз IT мамандары мен кәсіпкерлердің жаңа буынын дайындаймыз".

TikTok туралы

TikTok - қысқа бейнероликтерді жасауға арналған жетекші бағдарлама. Миссиямыз - адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

Astana Hub туралы

Astana Hub - IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік IT-компаниялардың еркін дамуы үшін жағдайлар жасалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.