Қыркүйек айының ортасынан бері СҚО полицейлері масаң күйдегі 38 жасөспірімді анықтады

Қыркүйек айының ортасынан бері СҚО полицейлері масаң күйдегі 38 жасөспірімді анықтады

видео: https://www.youtube.com/shorts/iAJy0G3XtuQ

https://www.youtube.com/watch?v=4XgtJT1BJ34

«Заң мен тәртіп» - қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі принципі. Оны іске асыру үшін «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қаланың әкімшілік учаскелерінде толық көлемді тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін СҚО Полция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов тарату барысында облыс орталығының Жұмысшы кентіндегі №5 учаскелік полиция пунктінің аумағында кешенді жұмыс жүргізуге тапсырма берді. 

Есепте тұрғандарды қадағалау, сонымен қатар қылмыстың алдын алу  желісі бойынша жұмыстар пысықталды. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары адамдарға интернет-алаяқтықтан сақтану жайын, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін болдырмауды түсіндірді.

Барлық бөліністер, сонымен қатар ювеналдық полицейлер де тартылды. Олар есепте тұрған жасөспірімдерді, қиын жағдайдағы отбасыларын тексерді. Одан бөлек, ЖПІШ барысында барынша түнгі рейдтер жүргізіледі. Басты назарда  - ойын клубтары, көңіл-көтеру орындары, жастар арасында танымал басқа да орындар тұр. 

Тексеріс барысында 38 жасөспірім анықталды. Оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрған 17 жасар жас жігітте бар. Былтыр ол сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығы шектелген болатын. Ол түнгі уақытта қаланың орталығында мас күйде ұсталды. Егер ол бұдан әрі де құқық бұзушылық жасайтын болса, оның шартты жазасын нақты жазаға ауыстыру мәселесі қаралатын болады.  

«Әр факті бойынша кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі, - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан «Заң мен Тәртіп» принципін іске асыру аясында, жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмысқа ықпал ететін жағдайды болдырмау қажет».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.