Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорларды терең тазалауға арналған Texaco VARTECH технологиясын ұсынды
Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорлардың тиімділігін арттыруға және жұмыс барысында кенеттен тоқтап қалуды азайтуға арналған Texaco VARTECH кешенді шешімін ұсынды. Texaco VARTECH құрылғылардың ішіндегі лак шөгінділерін азайтатын екі сатылы тазалауды қамтамасыз етеді.
Лактың қабатталып жиналып қалуы айналмалы-бұрандалы ауа компрессорларына (АБАК) тән кең таралған мәселе болып табылады, соның салдарынан құрылғы күтпеген жерден тоқтап қалуы, техникалық қызмет көрсету шығындарының артуы мүмкін, оған қоса әлеуетті кірістен айырылып қалуға болады. Компрессорларды күтіп ұстау үшін қолданылатын өнімдерінің көпшілігі мәселе туындаған кезде тазалауға бағытталған, ал Texaco VARTECH болса, лак қабаттарын кетіріп қана қоймай, сонымен қатар оның түзілуіне жол бермеуге көмектеседі, осылайша жабдықтың өнімділігін жақсартады.
Лак - маймен жұмыс істейтін жүйелерде түзілетін шөгінділердің әрқилы түрлерін білдіретін кең ауқымды ұғым, компрессорларда жоғары температура мен тотығудан пайда болады. Оқшаулағыш ретінде әрекет ете отырып, өнеркәсіптік процессорларда жылудың таралуына кедергі болады және температураны жоғарылатады, сөйтіп ақыр соңында істен шығуына себепші болуы мүмкін.
Әдеттегі тазалау құралдары көбінесе тиімсіз. Олар компрессорлардың жасырын жерлерінде лак қалдырып кетеді немесе қалың қабаттарды мүлдем кетіре алмайды. Texaco ұсынған VARTECH технологиясы екі сатылы тазарлау арқылы лакты әртүрлі бұрыштан тазалап, жояды. Алдымен VARTECH өнеркәсіптік тазартқышы (ISC) жиналып қалған лак шөгінділерін жойып, құрылғыны таза майды пайдалануға дайындайды. Екінші сатыда премиум санатты Texaco компрессорлық майларының бірі, мысалы, Cetus® VDL, Cetus HiPerSyn® немесе Cetus PAO құйылады.
Cetus HiPerSyn және Cetus PAO уақыт өте келе лак шөгінділерін тудыруы мүмкін тотығудың жанама өнімдерінің пайда болуынан қорғау үшін арнайы әзірленген. Оның үстіне Cetus VDL компрессордың тотығуға төзімділігін арттырады және коррозиядан қорғайды.
Майды тұрақты және терең талдау үшін Texaco LubeWatch бағдарламасы аса қолайлы. Ол инженерлерге лактың қабатталып жиналуынан туындайтын мәселелерді өнеркәсіптік компрессорларда ақау туындамас бұрын болдырмауға мүмкіндік береді.
«Көптеген далалық сынақтар арқылы лак әдетте ұзақ уақыт бойы түзілгенімен, бірнеше ай ішінде де түзілуі мүмкін екенін анықтадық, - деді Гуус Фолькштедт, Еуропа бойынша Texaco Lubricants көшпелі техникалық менеджері. - Мысалы, компрессорды орнату және пайдалану кезінде. Лак майды кері қайтару клапанын бітеп тастайды, соның салдарынан жедел қызмет көрсету үшін жабдықты мәжбүрлі түрде өшіруге тура келеді».
Гуус Фолькштедт тағы бір мысал келтірді: май салқындатқышта лак түзілгенде жылудың таралуына бөгет болады, нәтижесінде компрессордағы май температурасы жоғарылап, құрылғыны апаттық өшіруге әкеледі.
«Сонымен қатар май қыза бастайтындықтан, тезірек тотығады, сөйтіп бұрынғыдан да көбірек лак түзілуіне жол ашады. Ақыр соңында майлау қасиеттері нашарлап, компрессорды жоспардан тыс тоқтатуға мәжбүрлейді немесе зақымдануға ұшыратады», - деп түсіндірді Гуус Фолькштедт.
«Біз техникалық қызмет көрсету инженерлері техникалық қызмет көрсетуге барынша аз шығын шығара отырып, жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мәжбүр болатынын түсінеміз. Міне, сондықтан Texaco ұсынған лак түзілуімен күресуге арналған кешенді шешім жұмыс істеп тұрған жүйені тазалауға көмектесіп қана қоймай, оны ұзақ уақыт бойы таза ұстап тұруға арналған. Соның арқасында оңтайлы өнімділікке қол жеткізуге көмектеседі», - деді ол.
Texaco VARTECH арқасында лак түзілуінен туындайтын көптеген мәселелердің алдын алып қана қоймай, сонымен қатар компрессорларды тазалауға кететін шығындарды азайтуға, олардың өнімділігін оңтайландыруға, майдың қызмет мерзімін ұзартуға, жабдықтың іркіліссіз жұмыс істеу уақытын және жалпы қызмет мерзімін арттыруға болады.
Толығырақ қосымша ақпаратты сайттан алуға болады.
Chevron туралы
Chevron — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзаттың өркендеуін қамтамасыз ету үшін бағасы қолжетімді, сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет деп санаймыз. Chevron шикі мұнай және табиғи газ өндіреді, көлікке арналған жанармай, майлау материалдарын, мұнай-химия өнімдерін және қоспалар шығарады. Сонымен қатар біз өз бизнесімізді және жалпы саланы жақсарту үшін түрлі технологиялар жасап шығарамыз. Компания жаңғырмалы отын, сутегі, көміртекті қармау, шығарындылардың орнын толтыру және атмосферада көміртегі ізін азайтуға көмектесетін тың технологиялар саласында жаңа төмен көміртекті кәсіпорындарды дамытумен айналысады. Chevron туралы толық ақпаратты сайттан алуға болады.
Chevron компаниясының бай мұрасы және Еуропада 100 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, компания Texaco® брендімен майлау материалдарын сатады. Өзінің Texaco Lubricants озық технологияларының арқасында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және жеңіл көліктерге, ауыр жағдайда жұмыс істеуге арналған дизель қозғалтқыштарына, жүк көліктеріне арналған мотор майларының, антифриздің, салқындатқыш сұйықтықтардың кең ассортиментіне және бүкіл әлемдегі кәсіпорындар мен жүргізушілер пайдаланатын Havoline®, Delo®, HDAX®, VARTECH® және Techron® брендтерімен шығарылатын өнеркәсіптік майлау материалдарының кең ауқымына ие. Толығырақ білу үшін сайтымызға кіріңіз.
[xfvalue_img]