АСЫҚ СПОРТЫНАН «RESPUBLICA» АШЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АВТОКӨЛІККЕ ИЕ БОЛАДЫ

АСЫҚ СПОРТЫНАН «RESPUBLICA» АШЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АВТОКӨЛІККЕ ИЕ БОЛАДЫ

Барлық облыста – 2024 жылғы 10-20 қазан аралығында Астанада – 25 қазан күні

«Respublica» партиясы 2024 жылғы 10-20 қазан аралығында ересектер арасында ұлттық асық спорты бойынша ашық аймақтық турнир өткізеді. Асық турнирі Республика күніне орайластырылып, «Көшпенділердің Асық спорты» халықаралық федерациясы, «Республикалық Асық ату» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығымен» бірлесіп ұйымдастырылады.    

Турнир аясында еліміздің әр аймағында өтетін іріктеу кезеңдерінде 21 жастан асқан 40 адам өзара бақ сынасады. Әр өңірден үздік шыққан 2 спортшы республикалық турнирге жолдама алады.

Финалдық ойындар 25 қазан күні Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді, онда турнир жеңімпазына автокөлік сыйға беріледі.

«Көшпенділердің Асық спорты» халықаралық федерациясының президенті, «Respublica» партиясының Мәжілістегі депутаты Олжас Құспеков ұлттық ойынды жаңғырту – ұлттық және рухани құндылықтарымызды, мәдениетімізді дәріптеуге ықпал етуге және спортшыларға өз шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік екенін атап өтті.

  • «Ұлттық ойындарымыздың бүгінде қайта өрістеп жандануы қуанышты жағдай. Осындай жарыстарды неғұрлым жиі ұйымдастыру арқылы ұлттық ойындарды барынша насихаттаймыз. Сонымен қатар, сайыстар спортшылардың шеберлігін шыңдайды, олардың жан-жақты дамуы үшін зор септігін тигізеді деп есептеймін. Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасында қазақтың тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізу мақсат етілген. Сол алған бағытымыздан таймай, жұмыс жасауды жалғастыра береміз», — деді Олжас Хайроллаұлы.

Айта кету керек, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы құрылған жарты жылдың ішінде 14 елде тұрақты асық ойнау федерациялары тіркелді, асық ойнау спорты көшпенділер ойынының тұрақты дисциплинасы болып бекітілді. Енді, екі жылда бір рет әлем чемпионаты өткізіліп тұратын болады. Алғашқысы биыл ұйымдастырылып, оған 14 елдің өкілдері қатысты.

 «Respublica» партиясының Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив