Қаржылық қауіпсіздік бойынша IV Халықаралық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі Сочи қаласында (РФ) өтті
Еске сала кетейік, Халықаралық олимпиадаға әлемнің 36 елінен 600 үздік оқушылар мен студенттер қатысуда.
Қазақстандық команда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан (ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Maqsut Narikbayev University, Turan Unversity, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) 10 студент пен магистранттардан тұрады.
Қатысушылар үшін 60-тан астам іс-шараларды қамтитын бағдарлама әзірленді, олар дәрістер, интерактивті шеберханалар, шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар, викториналар, конкурстар, мәдени және спорттық жарыстар және т. б.
Олимпиаданың барысы және біздің команданың жетістіктері туралы толығырақ - келесі жарияланымдардан оқи аласыз.
[xfvalue_img]