Камералдық бақылау хабарламасын орындау тәртібі
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру болып табылатынын хабарлайды.
Салық есептілігін талдау нәтижелері бойынша кірістерді төмендету, шығыстарды заңсыз көтеру, салық ставкаларының дұрыс қолданылмауы, жеңілдіктердің негізсіз қолданылуы және т.б. анықталған жағдайда камералдық бақылау хабарламалары жіберіледі.
Орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келіскен жағдайда қосымша салық есептілігін ұсыну қажет.
Келіспеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсініктеме беру талап етіледі.
Бұрын Салық кодексіне өзгертулер енгізілген өзгерістерге сәйкес хабарламаға жауап берген салық төлеушілерге қатысты банктік шоттар бұғатталмайды.
Осылайша, кәсіпкердің қаржылық-шаруашылық қызметі шектелмейді.
Берілген хабарламаға жауап берілмеген жағдайда банк шоттары бұғатталады.
[xfvalue_img]