Ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлеуге болады?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түсетінін, онда салық төлеушілердің сұрақтарына салық салу бойынша толық жауаптар берілетінін хабарлайды. Қазіргі уақыттың онкүндігінде (декаданың) ең көп қойылған сұрақ ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлеу мәселесі болды.
Жеке тұлғаның сұрағы:
Мен пәтердің иесімін, бірақ мүлік салығы менің жұбайыма есептелді, неге?
БО жауабы:
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33-бабы).
Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды.
Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері салық төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында 2023 жыл үшін жылжымайтын мүлік меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильді қосымшаларында көруге болады.
[xfvalue_img]