Coca-Cola İçecek Қазақстанда құны 27 млрд теңге болатын үшінші зауытын ашты

Coca-Cola İçecek Қазақстанда құны 27 млрд теңге болатын үшінші зауытын ашты

2024 ж. 13-қыркүйек – түріктің жетекші Anadolu Group конгломератының еншілес ұйымы, 12 мемлекетте 33 құю және 3 жеміс өңдеу зауыты мен 10 000-нан астам қызметкері бар Coca-Cola İçecek A.Ş. (CCI) Қазақстандағы жаңа үшінші заманауи өндіріс зауытын ашты. Бұдан басқа компанияның Астана мен Берекеде екі зауыты бар. Осы жобаға құйылған шамамен 27 миллиард теңге көлеміндегі инвестиция CCI-дің өз нарықтарындағы ең үздік FMCG компаниясы болу мақсатының маңызды белгісі болып табылады. Қазақстандағы өз орнын нығайта отырып, ССІ Қазақстан халқы үшін орнықты құндылық құруға деген өзінің ынтасын растауда.

Зауыттың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар қатысты. Солардың ішінде – Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Мишель Еркин, іскер серіктестер, және университеттер мен БАҚ өкілдері.

The Coca-Cola System жүйесінің аясында Қазақстанды жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету ісінің 30 жылдығын тойлай отырып, 16 гектар алқапты алып жатқан жаңа зауыт екі өндірістік желісі арқасында CCI-дің жылдық өндірістік қуатын шамамен 30 пайызға арттырады. Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағы төңірегінде орналасқан зауыт 150 жаңа жұмыс орнын ашты.

CCI-дің Орта Азия және Кавказ елдеріндегі аймақтық директоры Эрдинч Гюзель үкіметке, Шымкент әкімдігіне және жергілікті қоғамдастыққа баға жетпес қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол компанияның экономикалық әсеріне тоқталып, былай деді:

«Бүгінгі таңда нарықтағы көшбасшы болып табылатын ССІ 1994 жылдан бері елге 106 миллиард теңгеден астам инвестиция салғанын мен мақтанышпен айта аламын. Бұл зауыт ССІ-дің сол инвестициялық үрдісінің дәлелі болып отыр. Өз кезегінде, Қазақстандағы жұмыс бүгінде ССІ үшін жетекші бизнестің бірі болып табылады. Бұл жетістік Қазақстан үкіметі жасаған қолайлы және әділ бизнес ортаның арқасында мүмкін болды. 2013 жылдан бері ССІ-дің Қазақстан бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түріндегі салымы 259 миллиард теңгені құрады, ал біздің экожүйеміздің елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 475 миллиард теңгеге жетті».

Гюзельдің айтуынша бұл инвестиция CCI-дің 2030 жылға дейінгі тұрақты даму міндеттемесінде көзделген жалпы әлеуметтік-экономикалық өсімге де ықпал етеді. Жаңа өндіріс орны өз жұмысында қоршаған ортаға тиетін әсерді айтарлықтай азайтатын озық технологияларды интеграцияламақ. Сонымен қатар, жоба аясында жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған инновациялық бастамалар мен даму бағдарламалары енгізіледі.

Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың пионері ретінде ССІ 13 000-нан астам тікелей және жанама жұмыс орындарын қолдап отыр. ССІ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үлесі мен ашық қызметі көптеген беделді марапаттармен де танылды, атап айтқанда: «Үздік салық төлеуші» сыйлығы, Президенттік «Парыз» сыйлығы, KGIR сыйлығы және Мемлекеттік әлеуметтік жауапкершілік сыйлығы.

Coca-Cola İçecek (CCI) туралы

CCI – Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия елдерінде жұмыс істейтін көпұлтты сусындар компаниясы. CCI The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарды өндіреді, таратады және сатады, және өзінің еншілес кәсіпорны Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirketi) арқылы концентратталған жеміс шырынын шығарады. CCI-да 10 000-нан астам адам жұмыс істейді. Компанияның 12 мемлекетте 33 құю және 3 жеміс өңдеу зауыты бар. Ол 600 миллион халыққа сусындардың кең ауқымын ұсынады. Газдалған сусындардан басқа компанияның өнім портфеліне шырындар, сулар, спорттық және энергетикалық сусындар, мұздатылған шай мен кофе кіреді. CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» белгісімен саудаланады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.