250.00 және 270.00 нысандарын тапсыру мерзімі 1 күнге ұзартылды
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі салық есептілігін тапсырудың соңғы күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылатынын еске салады.
Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі 15 қыркүйек – демалыс күніне келіп тұр, сондықтан ол 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады. Сондай-ақ, салық төлеушілерге өз салық міндеттемелерін уақытылы орындау үшін келесі ыңғайлы электрондық сервистерді пайдалануды ұсынамыз:
- «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz);
- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
- Мобильді қосымшалар: «е-Salyq Azamat», «eGov mobile»;
- Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz қосымшалары.
[xfvalue_img]