Салық әмияны дегеніміз не және оны қалай ашады?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық әмияны» – e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн-режимде салықтарды уақытылы төлеуге мүмкіндік беретін сервис екенін хабарлайды.
Жеке тұлғалар салықтың бірнеше түрін төлейді: мүлікке, көлікке, жерге. Олардың әрқайсысын төлеу үшін түбіртекті нақты деректемелерді көрсете отырып толтыру қажет: БСК, ТТК, БСН, төлем сомасы.
Салық әмиянынандағы ақша қаражаты уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есептеледі. Салықтың қажетті мөлшерін алдын-ала әмиянға салып қойып, мерзімінде салық төлеу қажеттілігі туралы алаңдамауға болады.
Заңды тұлғаларды қоспағанда, кез келген жеке тұлға – смартфон иесі салық әмиянын аша алады.
Салық әмиянын ашу үшін не қажет?
- мобильді азаматтар базасында жеке тұлғаны тіркеу (ұялы телефон нөмірі жеке тұлғаның ЖСН-не байланысты болуы тиіс);
- ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) болуы.
Телефонға e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын жүктеп алу, ЭЦҚ немесе СМС-код арқылы аутентификациядан өту қажет, осы арқылы салық әмияны қол жетімді болады.
[xfvalue_img]